Ең үлгілі №5. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)

2-тарау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: Ең үлгілі №5

Сабақтың мақсаты:

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.​1.​2.​1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну

4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​5.​2 дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді емлесін сақтап жазу

Сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған.

Ертеңгілік шеңбер. «Жүректен жүрекке».

Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады. Алдымен бір–бірімен амандасып алады. Содан кейін жақсы тілектерін айтады. Мен саған ... тілеймін! (бақыт, денсаулық, береке, сәттілік).

Бұл тәсіл сабақтың ең басында жылы тілектер айту арқылы біріншіден, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, екіншіден, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Сонымен қатар «Сәлем сөздің анасы» деген мақалға сүйене отырып, сыпайылық белгісі сәлем беруден басталатыны туралы айта кету керек.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Жаңа сабақтың мазмұнын сұрақтар қою арқылы болжау жасатыңыз. Өйткені болжату арқылы баланың сыни ойлау дағдысын дамыта аласыз. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

Жаңа сөздерді меңгерту- сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-ишараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

Тыңдалым.

Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Алайда аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс.Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз), міндетті түрде түсінік беріңіз. Одан кейін тыңдалымға дайындау үшін тақырыпқа сай 1-2 сұрақ қойып, ой шақырған дұрыс. Бұл оқушылардың тілін дамытуға және ойларын жинақтауға ықпал етеді. Сонымен қатар тыңдалым алдында тақырыпқа қатысты бірнеше суреттер ұсыныңыз, сол суреттердің ішінен сыпайы, үлгілі әрекеттерді «+» белгісімен, ал теріс әрекеттерді «» белгісімен белгілейді және жұбына таңдаған бір суреттегі әрекетті айтып береді, өз пікірін білдіреді. Бұл жұмыс тыңдалым мәтініне дайындық әрі болжау мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар ауызша сөйлеу тілдерін, ойлау қабілеттерін дамытуға ықпалын тигізеді. Мәтінді 2 рет оқып беріңіз. Содан кейін берілген сөйлемдерге «иә» () немесе «жоқ»(×) деп жауап береді. Өз жауаптарын тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді, дескриптормен бағалайды. (Жұмыстарын жинап алып, сабақтың соңынан тексеріңіз). Бұдан кейін оқушылар түстер арқылы 2 топқа бөлінеді. Бірінші топ «Әли - үлгілі оқушы», екінші топ «Айя - сыпайы оқушы» деген тақырыпта тірек сөздер арқылы постер жасайды, сынып алдында жұмыстарын қорғайды. Бұл ретте тірек сөздермен қолдануға және постерге сауатты жазу үшін сөздіктер мен глоссарийлерді қолдануға болатынын ескертіңіз. Мұғалім оқушылардың мына дағдыларын бағалайды: кейіпкерді сипаттауын; кейіпкердің қарым-қатынасын сипаттауын; кейіпкердің не айтатынын болжауын; грамматикалық ережелерді дұрыс қолдануын. Соңында мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (Не қиын болды? Неліктен? Не жеңіл болды?)

Сергіту сәтін жүргізгеннен кейін, оқушылар көп нүктенің орнына қажетті жалғау қойып, сөйлем құрастырып жазады. Оның алдында таныстырылмнан дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін түсіндіріп кеткен дұрыс. Соңында дескриптор арқылы оқушылар өзін бағалайды, жұмыстарын жинап алыңыз. Бірнеше оқушының жұмыстарын тыңдап, ауызша комментарий беріңіз.

Рефлексия, үй жұмысы.

Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға «Бес саусақ» әдісін ұсынуға болады. Сабақтан алған әсерлерін төмендегідей көрсетеді.

Бас бармақ – неден қиналдым?

Балаң үйрек – кімге көмектестім?

Ортан терек – көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – қандай жетістікке қол жеткіздім?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу