Ең үлгілі №5. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ең үлгілі №5

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.​1.​2.​1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну

4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​5.​2 дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді емлесін сақтап жазу

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Шағын мәтіннің мазмұнын мұғалімнің көмегімен түсінеді, б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді дұрыс жазады

Оқушылардың көпшілігі:

Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады, дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді емлесін сақтап жазады.

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған мәтін бойынша өз ойын білдіреді, жазылым барысында сөздердің емлесін сақтайды, сөйлемдер құрастырады.

Бағалау критерийлері

- шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады;

- дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді емлесін сақтап жазады.

Лексикалық минимум

Үлгілі, сыпайы, ешкім

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғау

Мен сыпайы+мын, үлгілі+мін

Құндылықтарды дарыту

Сыпайы, үлгілі болуға баулу, теріс іс-әрекеттерден аулақ болуды үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

І бөлім. Ұқыпты оқушы № 4

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Ертеңгілік шеңбер: «Жүректен жүрекке»

Оқушылар шеңберге тұрады, алдымен бір–бірімен амандасып алады. Содан кейін жақсы тілектерін айтады.

Мен саған ... тілеймін! (бақыт, денсаулық, береке, сәттілік).

Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.

  • Қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?
  • Сыпайы, үлгілі оқушы қандай болады?

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінемін;

- тірек сөздерге сүйеніп, сөйлеймін.

Таныстырылым № 1

Таныстырылым № 2

Таныстырылым № 3-4

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Үлгілі, сыпайы, ешкім

1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, суреттері арқылы меңгерту

Үлгілі - өнегелі. Сыпайы – биязы.

Мен үлгілі+мін. Мен сыпайы+мын.

Сен үлгілі+сің. Сен сыпайы+сың.

Ешкім – ешкім жоқ, ешкім емес, ешкім келмеді.

!!!!! (Ешкім сөзінің әрқашан болымсыз мағынадағы сөздермен тіркесіп келетінін айту)

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

3. Сөйлемдер құрастыру.

Менің досым үлгілі оқушы. Сыпайы мінез. Сыпайы сөйлеу. Ешкім ән айтпады.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

Тыңдалым алды тапсырмасы.

(Ө, Ж) Оқушылар берілген суреттердің ішінен сыпайы, үлгілі әрекеттерді «+» белгісімен, ал теріс әрекеттерді «» белгісімен белгілейді, жұбына таңдаған бір суреттегі әрекетті айтып береді, өз ойын білдіреді.

Кері байланыс: Жұптар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

(Ұ) Тыңдалым кезіндегі тапсырма.

Мәтінді екі реті мұқият тыңдайды, таныс емес сөздерге түсінік беріледі.

Әли мен Айя үлгілі оқушылар. Мектептегі тәртіп ережелерін сақтайды. Әрқашан достарына көмекке келеді. Сабаққа кешікпейді. Ешкімді ренжітпейді. Үлкен адамдарды сыйлайды. Олар өте сыпайы балалар.

Жақында мектепте «Ең үлгілі оқушылар» байқауы болды. Әділқазылар оқушылардың тәртіптерін бақылады. Әли мен Айя «Ең үлгілі оқушылар» байқауының жеңімпазы болды.

(Ө) Берілген сөйлемдерге «иә» () немесе «жоқ»(×) деп жауап береді.

Әли мен Айя үлгілі оқушылар

Тәртіп ережелерін сақтайды.

Достарына көмекке келмейді.

Сабаққа кешікпейді.

Ешкімді ренжітеді

Олар сыпайы балалар

«Ең тәртіпсіз оқушылар» байқауының жеңімпазы болмады.

Дескриптор:

  • мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды;
  • мәтін мазмұнына сәйкес емес сөйлемдерді анықтайды

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

(Т) Оқушылар түстер арқылы 2 топқа бөлінеді. Бірінші топ «Әли - үлгілі оқушы», екінші топ «Айя - сыпайы оқушы» деген тақырыпта тірек сөздер арқылы постер жасайды, сынып алдында жұмыстарын қорғайды.

Тірек сөздер: сыпайы, үлгілі, тәртіп ережесі, көмекке келу, сыйлау, кешікпеу, ренжітпеу, жеңімпаз болу.

Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен? Не жеңіл болды?

Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндейИіліп оңға бір,Сағаттың тіліндейИіліп солға бір,Оң аяқ, сол аяқЖаттығу оңай-ақ.

(Ө) Оқушылар көп нүктенің орнына қажетті жалғау қойып, сөйлем құрастырып жазады.

Әлидің тәртіп....

Айяның көмек...

Қазақ тілі сабақ...

Ауылдың мектеп...

Дескриптор:

  • заттың атауын тәуелдей отырып, сөз тіркесін құрап жазады;
  • сөздің соңғы дыбыстарын емлеге сәйкес өзгертіп жазады.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

Таныстырылым № 5-6

Сыпайы

Үлгілі

Таныстырылым № 7

Таныстырылым № 8

Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12

Сабақтың соңы

(5мин)

Рефлексия: «Бес саусақ»

Бас бармақ – неден қиналдым?

Балаң үйрек – кімге көмектестім?

Ортан терек – көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – қандай жетістікке қол жеткіздім?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Үй жұмысы (деңгейлеріне қарай)

1. Үлгілі, сыпайы оқушы болудың ережесін құрастыру.

2. Сөздерге тәуелдік мағынадағы жалғауларды жалғап, сөздердің емлесін сақтап жаз.

П - Б Қ - Ғ К - ГЖіп – жібі Лақ – лағы Көк - көгіДоп – Сабақ - Бөбек -Қап – Тамақ - Көмек -Кітап – Орақ - Шелек -Мектеп – Тарақ - Иек -Шөп – Аяқ - Елік -Тәртіп - Таяқ - Өрік –

Таныстырылым № 19

Таныстырылым № 20

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу