Жақсы және жаман мінез №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Жақсы және жаман мінез №2 | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.4 Оқыған/ тыңдаған материлды мазмұндау 3.2.4.1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.5 Үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлемдер құрастыру | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Сурет және тірек сөздер негізінде мұғалімнің көмегімен оқиғаны мазмұндайды, жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлемдер құрастырады. Оқушылардың көпшілігі: Сурет және тірек сөздер арқылы оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды, сөздердің орын тәртібін сақтап құрмалас сөйлемдер құрастырады. Оқушылардың кейбірі: Мазмұндау барысында өз пікірін білдіреді, өз бетінше жай және құрмалас сөйлемдер құрастырады. | ||||||||
Бағалау критерийлері | - сурет және тірек сөздер арқылы оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды; - жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлемдер құрастырады. | ||||||||
Лексикалық минимум | Мінез, ренжі | ||||||||
Грамматикалық минимум | Жіктік жалғау, «емес» болымсыз көмекші сөзі Мен ренжідім, мен ренжімеймін, адал емес | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жаман әдет-дағдылардан аулақ болуды түсінеді. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||
Бастапқы білім | ІІ бөлім. Жаман жолдас № 1 | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы (5 мин) | Ертеңгілік шеңбер «Сиқырлы таяқша» Балалар бір-біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады: Мен бәріңе денсаулық тілеймін! Мен бәріңе қуаныш тілеймін! Мен бәріңе мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б. Сабақтың тақырыбын болжау: Оқушылар «Изограф» (бейнежазба) әдісі арқылы қандай сөздерді оқуға болатынын табады. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру - сурет және тірек сөздер арқылы оқиғаны мазмұндаймын; - жай және құрмалас сөйлемдер құрастырамын. | Таныстырылым № 1 Таныстырылым № 2-3 | |||||||
Сабақтың ортасы (30 мин) | Өткен сабақпен байланыс: (Ж) Оқушылар суреттердің ретін белгілейді және берілген тірек сөздерге сүйеніп, екі дос туралы әңгіменің мазмұнын айтады.
Келе жатады, көреді. Жерге жатады, иіскелейді.
Шыға келеді. Ағашқа шығады, тастап кетеді. Дескриптор:
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды (Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: мінез, ренжу Мінез – сыр Мінез – адамның мінезі, мінезі ауыр, ер мінез, ашық мінез, жақсы мінез, жаман мінез, тік мінез Ренжу – жабырқау Ренжу – досыма ренжідім, мен ренжіді+м, сен ренжі+ме, сіз ренжіді+ңіз, ол ренжі+ді.
(Т) «Құпия хаттар сыры». Оқушылар пазл әдісі арқылы 2 топқа бөлінеді. Топ ішінде құпия хаттардағы жағдаятты бірігіп талқылайды және бір шешімге келеді. Әр топ өз ұсынысын айтады. 1-топ.
Құрметті балалар! Менің сыныбымда бір бала бар. Оның аты – Марат. Мен оған ренжідім, себебі ол маған жаман сөз айтты. Не істесем болады?
2-топ.
Құрметті достар! Менің досым бар. Оның аты – Арман. Мінезі жаман. Үнемі балаларды ренжітеді. Қандай ақыл айтсам болады? Кері байланыс: топтар бір–бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. (Ж) «Бес минуттік жазу» Мен досыма ренжідім, себебі ................. Мен досыма ренжімеймін, себебі ............. Досымның мінезі ..................., себебі .............. Дескриптор: – құрмалас сөйлемдер құрастырады; – сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды. Сергіту сәті. «Көңіл күйді жаттықтыру» ойыны. Оқушылар адамның бет әлпетіне қарап, рөлге еніп, бейнелейді, мінезін ажыратады. Мысалы: 1. Қабағы түйілген, ашулы адам. 2. Көңілді адам 3. Өлең айтып тұрған адамның сезімін білдіру. (Ұ) Адамның мінезін сипаттайтын сөздерді дұрыс сәйкестендіреді. Ұсынылған сөздерден жағымды, жағымсыз қасиеттер туралы қорытынды жасайды. Адал, адал емес, нағыз дос, нағыз дос емес, батыл, қорқақ, сабырлы, сенімді, сенімсіз, ақылды, мақтаншақ.
Кері байланыс. Оқушылар тақтадағы дұрыс жауаппен өз жауаптарының дұрыс/бұрыстығын тексереді, «Смайликтер» арқылы бағалайды. - тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ
- тапсырманы орындауда қателерім болды.
- тапсырманы орындау маған қиын болды.
(Ж) «Синквейн» әдісі. «Дос» деген сөзбен төрт жолды өлең шығарады. 1. Кім? 2. Қандай? Қандай? 3. Не істейді? Не істейді? Не істейді? 4. Қандай? Кім? Не істейді? Жұптар жұмыстарымен алмасып, бір-бірінің жұмыстарын жұлдызшалармен бағалайды. Оқушылардың дәптерлерін жинап алу. Не қиын болды? Неліктен? деген сұрақтар арқылы кері байланыс беру. Мұғалім: Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. | Таныстырылым № 4
Таныстырылым № 5 Таныстырылым № 6-7 Таныстырылым № 8 Таныстырылым № 9 Таныстырылым № 10 Таныстырылым № 11-12 Таныстырылым № 13 | |||||||
Сабақтың соңы (5мин) | Рефлексия: «Нысана» Нысана бойынша оқушылар өз аттарын жазып жапсырма қағаздарды нысанаға орнатады. Үй жұмысы: Жақсы және жаман қасиеттер туралы 2 мақал-мәтел жаттап келу. | Таныстырылым № 14 Таныстырылым № 15 | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?