Екі дос №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі дос №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.​3.​2.​1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.

2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу

3.​2.​2.​1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Шағын мәтіннің мазмұнын мұғалімнің көмегімен түсінеді, тірек сөздермен қарапайым сөйлемдер айтады.

Оқушылардың көпшілігі:

Оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады, тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді.

Оқушылардың кейбірі:

Оқыған мәтіннің негізгі ойын анықтайды, сөйлеу барысында сөздерді дұрыс қолданады, өз пікірін білдіреді.

Бағалау критерийлері

- оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді;

- тірек сөздерге сүйеніп, сөйлеймін.

Лексикалық минимум

Жаман, ақылды.

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғау

Мен ақылды+мын

Құндылықтарды дарыту

Жақсы әдет-дағдыларға, жаманнан аулақ болуға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

І бөлім. Жанды табиғат

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Ертеңгілік шеңбер: «Жылы жүрек!»

Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады. Бір-біріне жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізеді.

Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, мейірімдісің, өте ұқыпты баласың, адал доссың, қайырымдысың, әдептісің, өнерлісің, еңбекқорсың, ақкөңілсің, т.б.

Оқушылар қысқа бейнефильм көру арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

«Адамның жақсы және жаман қаиеттері»

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінемін;

- тірек сөздерге сүйеніп, сөйлеймін.

Таныстырылым № 1

Таныстырылым № 2

Адамның жақсы және жаман қасиеттері

https://www.youtube.com/watch?v=5Rp4xHMUJwQ

Таныстырылым № 3-4

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Ақылды, жаман

1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгерту

Жаңа сөздер

Мағынасы жақын сөз

Мағынасы қарама-қарсы сөз

ақылды

есті

ақымақ

жаман

нашар

жақсы

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

3. Сөйлемдер құрастыру.

Менің досым ақылды. Ол жаман сөз айтпайды.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

Оқылым алды тапсырмасы.

(Ұ) «Суреттер сөйлейді». Берілген сюжетті суреттердің ретін анықтайды. Мәтін мазмұнын болжайды.

(Ұ) Оқылым кезіндегі тапсырма.

Мәтінді рөлге бөліп оқиды, таныс емес сөздердің астын сызады.

Бір күні Самат пен Айбар орманда келе жатады. Кенет бiр аюды көреді. Айбар үлкен ағаштың басына шығып кетеді. Саматтың аяғы ауырады. Ол ағашқа шыға алмайды. Жерге жатады. Аю Саматтың жанына келiп иiскелейді, кетіп қалады. Айбар ағаштан түседі, досынан сұрайды:

– Достым, аю құлағыңа не деді?

– Аю құлағыма ақыл айтты. Қиындықта сені досың тастап кетті. Онымен дос болма, – дедi.

Таныс емес сөздерге түсінік беріледі (ауырады, иіскелейді, сұрайды, ақыл айту, қиындық, тастап кету).

Мәтінді толықтай оқып, түсінік алған кезде, «Ақсүйек» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді.

  • Неліктен Самат жерге жатты?
  • Екі дос қайда серуендеді?
  • Неліктен Айбар ағашқа шығады?
  • Аю Саматқа не айтты?
  • Айбар қандай бала?
  • Әңгіме бізді неге үйретеді?
  • Достар қандай болу керек?
  • Екі дос әңгімесіндегі кейіпкерлерді ата.
  • Жағымды кейіпкерді ата.

«Бас бармақ» әдісі.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

(Ж) «Мен білемін!»

Берілген кестені мәтін мазмұнына сәйкес толтырып, ауызша ой бөліседі.

Кейіпкер

Қандай?

Не істейді?

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

(Ө) «Аяқталмаған сөйлемдер»

Берілген сөйлемдерді оқып, мәтін мазмұны бойынша аяқтап айтады.

  • Бір күні ...........................
  • ..................................аяғы ауырады.
  • Кенет алдынан ......................................
  • Айбар ...................................................
  • Ал Самат ................................................
  • Аю...................................................................
  • Айбар досынан сұрайды................................
  • Самат ...........................................................

Дескриптор:

- тақырып бойынша сөйлемдер құрастырады;

- берілген тірек сөздерді орынды қолданады;

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;

- жалғауларды дұрыс байланыстырады;

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Екі қолды созамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып аламыз.

Оқушылар түстер бойынша екі топқа бөлінеді.

(Т) «Қарама-қарсы» стратегиясы арқылы оқушылар өз тобымен кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін айтады, салыстырады.

Оқушылар өз пікірлерімен топпен, сыныппен бөліседі. Жақсы дос қандай болу керек? деген сұраққа жауап береді. Сабақтың қорытынды шешімімен танысады: Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа.

Таныстырылым № 5

Ақылды

Жаман әдет

Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7

Екі дос пен аю https://www.youtube.com/watch?v=QQ6r-BdSsE0

Таныстырылым № 8

Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12

Таныстырылым № 13

Таныстырылым № 14

Таныстырылым № 16

Таныстырылым № 17-18

Сабақтың соңы

(5мин)

Рефлексия: Жетістік баспалдағы

Жақсы түсіндім

Түсіндім

Сұрағым бар

Мүлдем түсінбедім

Үй жұмысы:

Мәтінді оқу, мазмұнын айту (деңгейлеріне қарай)

Таныстырылым № 19

Таныстырылым № 20

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу