Азға қанағат ет № 8 - 1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Оқылым мәтіні
Бір адам жолда ескі тағаны көріп:
— Балам, анау тағаны, алшы! — дейді.
— Әке, ескі таға ғой, пайдасы жоқ, - деп, бала тағаны алмайды.
Әкесі тағаны өзі алады.
Әкесі ескі тағаны ұсталарға үш тиынға сатады. Шие сатып алады.
Әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Бала шиені жерден алып, жейді. Ол жерге түскен шиені он рет алып жейді.
Әкесі баласына:
— Көрдің бе: «Пайдасы жоқ!» - деп, тағаны алмадың. Шиені он рет алдың. Есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете алмасаң — көптен құр қаласың, — деді.
Ы.Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы. Балаларға арналған әңгімелері өте көп. Бүгін біз «Әке мен бала» атты әңгімесімен танысамыз. Ы.Алтынсарин Қостанай облысында дүниеге келген ағартушы, ұстаз, жазушы. Алғаш мектеп ашқан, әліппе жазған.
Мәтін бойынша сұрақтар:
1. Әкесі жолдан не тауып алды?
2. Бала тағаны алды ма?
3. Әкесі тағаны кімге сатты?
4. Әкесі не сатып алды?
5. Бала шиені қалай жеді?
6. Әкесі баласына не деді?
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Екі қолды созамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып аламыз.
Қолдануға болатын суреттер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?