file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Азға қанағат ет № 8 - 1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, презентация.


Сенім аралы.

Сабақтың тақырыбы:

Азға қанағат ет

Сабақтың мақсаттары:

- оқыған мәтіннің жанрын анықтаймын;

- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;

- жалғауларды дұрыс қолданамын.

Сөздік қоржын

Ереже – қағида

Ережені сақтау

Кітапты апару

Апар - жеткіз

Ереже Апар

Дұрыс айт!!!

Грамматикалық қоржын.

Мен апара+мын

Сен апара+сың

Біз апара+мыз

Сіздер апара+сыздар

Ыбырай Алтынсарин

Бір адам жолда ескі тағаны көріп:

Балам, анау тағаны, алшы! — дейді.

Әке, ескі таға ғой, пайдасы жоқ, - деп, бала тағаны алмайды.

Әкесі тағаны өзі алады.

Әкесі ескі тағаны ұсталарға үш тиынға сатады. Шие сатып алады.

Әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Бала шиені жерден алып, жейді. Ол жерге түскен шиені он рет алып жейді.

Әкесі баласына:

— Көрдің бе: «Пайдасы жоқ!» - деп, тағаны алмадың. Шиені он рет алдың. Есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете алмасаң — көптен құр қаласың, — деді.

Ы.Алтынсарин

Оқылым!!!

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Әкесі жолдан не тауып алды?

2. Бала тағаны алды ма?

3. Әкесі тағаны кімге сатты?

4. Әкесі не сатып алды?

5. Бала шиені қалай жеді?

6. Әкесі баласына не деді?

1-топ

Оқиға желісін ретімен орналастыр

2-топ

Оқиғаның желісі бойынша суреттерді реттеп қой, тірек сөздер арқылы әңгімеле.

Тірек сөздер: ескі таға, пайдасы жоқ, тағаны алмайды, үш тиынға сатады, шие жерге түседі, алып жейді, аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ету.

3-топ

«Дұрыс - Бұрыс»

Рефлексия



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу