Үй жануарлары –жанды табиғат №3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат, №3 сабақ

Сабақтың мақсаты:

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.​3.​2.​1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​5.​1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу

Сабаққа қажетті құралдар: сөйлеу қабырғалары (суретті сөздік, ірі әріптермен жазылған тірек сөздер), кеспе қағаздар, аудиомәтін,ақ парақтар, фломастер

Сабақты жоспарлау

Сабақты жоспарлау кезінде міндетті түрде лексикалық минимумды сақтай отырып, сыныптың әлеуетін, аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, мәтінді түрлендіру (жетілдіру, қысқарту, түзету) керек.

Әр оқушының қай деңгейде тұрғанын, алдыңғы сабақтарда нені үйренгендіктерін, қандай кедергілер болғандығын ескеріңіз. Соған сәйкес тапсырмалар дайындауды ұмытпаңыз..

Өткен тақырыпты еске түсіру.

«ИӘ» және «ЖОҚ» ойыны

Ортаға екі орындық қарама-қарсы қойылады. Бір орындыққа «ИӘ» , ек3нші орындыққа «ЖОҚ» сөздері жазылған қағаздар қойылады. Оқушылар екі топқа бөлініп, екі қатарға тұрады. Ортаға кезекпен бір-бір оқушыдан шығады. Мұғалім өтілген тақырып бойынша бұрыс немесе дұрыс сөйлемді оқиды. Айтылған ақпарат дұрыс болса, соған сәйкес орындыққа отырып үлгеруі керек. Бұл тәсіл оқушылардың қызығушылықтарын оятады, белсене қатысады. Ең бастысы, тыңдалым дағдысын дамытады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.. Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен міндетті түрде таныстыру қажет. Сабақтың мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтыңыз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін білу керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту.

Бұл сабақта жаңа сөздерді тек суретті сөздік арқылы меңгертесіз. Суретті сөздікті тақтаға немесе қабырғаға іліп қойыңыз. Оқушылардың көз алдыларында болса, сөздердің дұрыс жазылуы естерінде сақталып қалады. Сондай-ақ бұл сөздер келесі сабақтарда да көрнекі жерде болуы керек. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз.

Оқушылардың лексикалық минимум сөздерді қолдануларын бақылап отырыңыз, қажет болған жағдайда оқушыларға қолдау көрсетіңіз.

Тыңдалым. Тапсырманы жұпта орындайды. Мәтінді екі рет тыңдайды. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазады. Жұптар орындап болған соң, өз жұмыстарын дұрыс нұсқамен тексереді. Дұрыс нұсқа тақтада көрсетіледі. Жұптар өз-өздерін бағалайды. Жазылым. Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Суретті сөзге айналдырып жазады. Қолдауды қажет ететін оқушылар үшін тақтаға, қабырғаға суретті сөздік ілінеді және орфографиялық сөздік беріледі. Әр оқушы жеке орындап болған соң, көршісімен ауысады. Бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, өзара бағалайды.

Оқылым. «Белгі қойып оқу» әдісі.

Әр оқушы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқып отырып, таныс емес сөздерге немесе түсінбеген тұстарына белгі қойып отырады. Содан кейін қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөздерге түсінік береді.

Мәтін соңындағы сұрақтар жеке қағаздарға жазылып, қобдишаға салынады. Бірнеше оқушы қағаздағы сұрақты таңдап, сол сұраққа ауызша жауап береді. «Шапалақ» әдісі арқылы жауаптарын бағалайды. Сұрақтарға ауызша жауап беріп болған соң, әр оқушының мәтінді толық түсінгенін тексеру әрі бекіту мақсатында кесте беріледі.

Оқушылар қасында отырған көршісімен жұмыстарымен ауысады. Мұғалімнің оқыған дұрыс нұсқамен көршісінің жауабын тексереді және бағалайды.

Сергіту сәті. «Мен таптым»

Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

(Т) Оқылым. Оқушылар топта тапсырманы бірлесіп орындайды. Суретке қарап, көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып оқиды және сол жануар туралы бір ақпарат айтады.

(Ұ) Айтылым. «СҰРАҚТАР» стратегиясы.

Бұл тәсіл оқушылардың сұрақ қою дағдыларын дамытады.

Сұрақ қоюдан қорықпайтын оқушы ортаға шығады. Оқушының маңдайына стикерге жазылған сөз жабыстырылады. Оның маңдайына сөз (сиыр, қой, жылқы, түйе) жазылған стикер жабыстырады. Стикерде не жазылғанын табу үшін топтарға барып бар жоғы бір-ақ сұрақ қояды. Келесі топқа барғанда да бір сұрақ қояды. Топ мүшелері оның қойған сұрағының ретіне қарай жауап беруге тырысады. Осылай жалғаса береді. ТАПҚАНША! Таба алмаса, келесі оқушы жалғастырады.

Мұғалім оқушының сұрақ қою дағдысын комментарий айту арқылы бағалайды.

Үй тапсырмасы. Үйге үй жануарлары туралы жұмбақтар жаттауды беруіңізге болады. Оқушылар өздері тауып, ұнаған жұмбақты жаттауларына болады. Алайда қолдауды қажет ететін оқушылар үшін екі жұмбақты өзіңіз беріңіз.

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріп, сабаққа рефлексия жасатуға уақыт беріңіз. Рефлексия келесі сабағыңызды жоспарлағанда қажет болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу