Үй жануарлары –жанды табиғат №3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
Жанды және жансыз табиғат №3 сабақ
№1
Тыңдалым мәтіні бойынша тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Менің атам ... тұрады. Атамның ... бар. Қорада ..., ..., ... бар. Олар - ... .
№2
Жазылым. Суретті сөзге айналдырып жаз.
- Әлібектің атасы _____________________ тұрады.
- Атасының __________________ бар.
- Қорада __________________________________________ бар.
№3
Оқылым мәтіні
Жазда атамның ауылына бардым. Атамның қорасында жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі бар. Оларды «үй жануарлары» немесе «мал» деп атайды. Мен атама көмектестім. Малға шөп салдым. Қораны тазаладым.
№4
Қобдишаға (қоржынға) салынатын сұрақтар:
- Әлібек жазда қайда барды?
- Атасының қорасында не бар?
- Үй жануарларын тағы қалай атайды?
- Әлібек атасына қалай көмектесті?
- Үй жануарлары қандай табиғатқа жатады?
№5
Оқылым мәтіні бойынша тапсырма. Кестедегі жауапқа + белгісін қой.
Сөйлем | Дұрыс | Бұрыс | Айтылмаған |
Әлібектің атасы қалада тұрады. | |||
Әлібек жазда ауылда демалды. | |||
Атасының малы көп. | |||
Қорада 100 қой бар. | |||
Сиыр үй жануарына жатады. | |||
Әлібек атасына көмектескен жоқ. |
Үй тапсырмасы: Жұмбақтар
Үй жануарлары туралы жұмбақтар жаттап келу
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?