Жанды табиғат туралы әңгіме, мысалға болжам жасау Қарға мен түлкі №1 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

1-тарау

Жанды табиғат

1-сабақ

Кірпі мен қарға

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым дағдысымен қатар оқиғаның жалғасын болжай білу дағдысын дамыту көзделеді. Тыңдаған мәтінді рөлге бөліп ойнауға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ оқушылар «ұш» сөзімен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасы мен қолданысын меңгереді. Етістіктің болымды, болымсыз түрлерін қолданады.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқиғаның жалғасын болжайды, мұғалімнің көмегімен болымсыз етістікті ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, оқиғаның жалғасын, кейіпкердің сөзін болжайды, болымсыз етістікпен сөйлемдер құрайды

Оқушылардың кейбірі: қолдау арқылы мысалдың идеясын анықтайды, өмірмен байланыстырып пікірін айтады

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Мына ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Оқушылармен бірге «Шаттық шеңберін» құрыңыз.

«Менің есімім». Әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әрпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш -сникерс, Әсел-әлем, Марат-мықты, Қанат-қайсар, Женя- жеңімпаз

Бұл стратегия оқушылардың сөздік қорын молайтуға әрі жағымды ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.

Тараудың мазмұнын, сабақтың тақырыбын суреттер арқылы оқушыларға болжатыңыз. Бұл тәсіл оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар, сыни ойлауларын дамытады.

Сабақ мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

Жаңа сөзді қимыл, сурет арқылы меңгертіп, сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз. Жаңа сөздерді дауыстап оқып, оқушыларға өзіңізден кейін қайталауын тапсырыңыз.

Мысал жанрына қысқаша тоқталыңыз. Адамдар бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді оқушылардың өздеріне сәйкестендіруді тапсырыңыз. Содан кейін бірлесіп, дұрыстығын тексеріңіз.

Тыңдалым тапсырмасын орындамас бұрын оқушыларды екі топқа бөліңіз. Топтарға қабілеттері әртүрлі оқушыларды аралас отырғызыңыз. Содан кейін тапсырманы, яғни оқушылардан не күтілетінін және бағалау дескрипторын түсіндіріңіз. Тыңдалатын мәтіннің бастапқы бөлігін мәнерлеп оқитын екі оқушыға оқытыңыз. Екінші рет өзіңіз оқып беріңіз. Мәтін мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін сұрақтар жазылған карточканы берңіз. Топтар бір-екі сөзбен қысқаша жауап жазады. Жазып болған соң, таныстырылымнан дұрыс нұсқаны көрсетіңіз. Бұдан кейін топта оқиғаның жалғасын болжауға 3-5 минут уақыт беріңіз. Бағыттау сұрақтарын тақтаға жазып қойыңыз.

  • Әрі қарай не болды деп ойлайсың?
  • Қалай ойлайсың, кірпіге қарғаның тоны ұнады ма?
  • Кірпі қарғаға не айтуы мүмкін?

Топтардың кез келген жауабына мадақтау айтып ынталандырыңыз. Соңында мәтіннің түпнұсқасын оқып беріңіз. Түпнұсқамен сәйкес келген болжам айтқан, ойларын жүйелі жеткізе білген топ мүшелеріне комментарий айту арқылы бағалаңыз Тыңдалымнан кейінгі тапсырма ретінде мәтіннің жанрын анықтауды, жауаптарына дәлел келтірулерін сұраңыз. Бұл сабақ басында түсіндіріп өткен мысал жанрын естеріне сақтауға мүмкіндік береді. Қабылдау деңгейлері жоғары оқушылар мысалдан шығатын қорытынды жасайды. Қажет болса, сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіңіз. Тапсырманы толық орындап болған соң, оқушылар тапсырмаға кері байланыс жасайды.

Сергіту сәті ретінде оқыған мысалды рөлге бөліп ойнатыңыз. Кейіпкерлердің сөздерін жеке-жеке қиып беруіңізге болады(кірпі, қарға, автор) Оқкушылар 3 оқушыдан құрылған шағын топта жаттығады. 4 топ болса, екі топ бір-бірінің ойындарын көріп, пікір айту арқылы бағаласын.

Грамматикалық қоржында берілген үлгіге қарап, әрекеттің болымды және болымсыз түрлеріне сөз, сөйлем түрінде мысал келтіруді тапсырыңыз.Сосын мәтіннен үзінді қиып беріп,сол үзіндіден әрекеттің болымды және болымсыз түрлерін теріп жазуды ұсыныңыз. 1-2 оқушының жауаптарын тыңдап, кері байланыс беріңіз.

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Сабақта оқыған мысалдың мәтінін толығымен әр оқушыға шығарып беріңіз. Мәтін негізінде кестені толтырады.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз. Таныстырылымда көрсетілген үш ағаштың біреуін таңдауды тапсырыңыз. Сондай-ақ неліктен ол ағашты таңдағанын 2-3 оқушы түсіндіріп кетуін сұраңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу