Жанды табиғат туралы әңгіме, мысалға болжам жасау Қарға мен түлкі №1 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жанды табиғат туралы әңгіме, мысалға болжам жасау Қарға мен түлкі №1 сабақ | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну 3.1.5.1 тыңдаған оқиға/әңгіменің жалғасын болжау 3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.3 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану | |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқиғаның жалғасын болжайды, мұғалімнің көмегімен болымсыз етістікті ажыратады. Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, оқиғаның жалғасын, кейіпкердің сөзін болжайды, болымсыз етістікпен сөйлемдер құрайды Оқушылардың кейбірі: қолдау арқылы мысалдың идеясын анықтайды, өмірмен байланыстырып пікірін айтады | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді. Оқиғаның жалғасын, кейіркердің сөзін болжайды. Мәтіндегі болымсыз етістікті, әрекеттің уақытын анықтайды. | |||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | ұш | |||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Етістіктің болымсыз түрі, етістіктің өткен шағы, ауыспалы шағы Ұша аламын, ұша алмаймын Ұша алмады, жинай алмады | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыныптастарына құрметпен қарауға, сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді. Қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінеді. | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану | |||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | |||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ертеңгілік шеңбер «Менің есімім». Әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әрпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш -сникерс, Әсел-әлем, Марат-мықты, Қанат-қайсар, Женя- жеңімпаз Ой қозғау. Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Жыл мезгілдерінің суреттерін көрсету және сұрақ қою:
Сабақтың тақырыбын суреттер арқылы анықтайды. Суретте қандай құс бейнеленген? Қасында қандай құс немесе аң бар деп ойлайсыңдар? Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін. Оқиғаның жалғасын, кейіпкердің сөзін болжаймын. |
| ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс. «Ұш» сөзін сурет, қимыл арқылы меңгерту Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру Құс ұшады, ұшақпен ұшады, биік ұшады, төмен ұшады Мысал туралы түсінік беру. Мысал – адамның жағымсыз қасиеттерін жануарлардың әрекеті арқылы суреттеу. Оқушылармен бірлесіп, мағыналары қарама-қарсы сөздерді сәйкестендіру.
(Т) Тыңдалым. Оқушыларды топқа бөлу. Тапсырма:
Дескриптор:
1-қадам Үш оқушы «Кірпі мен қарға» мәтінінің бастапқы бөлігін рөлге бөліп оқиды (автор, кірпі, қарға). Баяғыда кірпі мен қарға дос болыпты. Бір күні кірпі қарғаға келді. – Қарға, менiң тоным жаман, тiкенек. Сенің тоның жақсы, жұмсақ, үлпiлдек. Маған тоныңды берші. – Ал мен не киемін? – Сен менің тонымды киесің. – Жарайды, – деді қарға. Олар тондарды айырбастады... 2-қадам Мәтін бойынша сұрақтар:
Сұрақтарға бір сөзбен жауап жазады. Топтар кезекпен жауаптарын оқиды, жауаптардың дұрыс/бұрыстығын анықтайды. Дұрыс жауап үлгісі:
3-қадам Топта ақылдасып, мәтіннің жалғасына, кейіпкерлердің сөздеріне болжам жасайды. Бағыттау сұрақтары:
Топтар болжамдарымен бөліседі. Қызықты болжамдар, ойларын сауатты жеткізулері қысқа комментарий арқылы бағаланады. 4-қадам Мұғалім мысалдың түпнұсқасын оқиды. Мысалдың жалғасы Бірақ кірпі алма жинай алмады. Түлкіден қорғана алмады. Ал қарға ұша алмады. Кірпі қайтадан қарғаға келді. – Қарға, менің тоным жақсы екен. Мен алма жинай алмаймын. Түлкіден қорғана алмаймын. – Ал мен ұша алмаймын, барлық қарғалар менен қашады. Әркімнің өз тоны өзіне жақсы. Түпнұсқамен сәйкес келген топқа мадақтама айтылады. 5-қадам Мәтіннің жанры қандай? Жауабыңды дәлелде. Мысалдан қандай қорытынды жасауға болады? Мысалдың әркімнің өзіне берген сыйға риза болу керек. Табиғатты өзгерте алмаймыз. Табиғатта бәрі өз орнында. Кері байланыс «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Сергіту сәті (Т) Мысалды рөлге бөліп ойнау (кейіпкерлердің сөздерін интонация қойып дұрыс оқу) Пікір айту арқылы бағалайды ( интонацияны дұрыс қойды, сөздерді дұрыс оқыды, рөлді жақсы ойнады) (МК,Ұ) Грамматикалық қоржын Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру.
(Ө) Мәтін үзіндісінен етістіктің болымсыз түрлерін теріп жазады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар етістіктің шағын анықтайды, үлгі бойынша өз сөйлемдерін құрап жазады. Бірақ кірпі алма жинай алмады. Түлкіден қорғана алмады. Ал қарға ұша алмады. Кірпі қайтадан қарғаға келді. – Қарға, менің тоным жақсы екен. Мен алма жинай алмаймын. Түлкіден қорғана алмаймын. – Ал мен ұша алмаймын, барлық қарғалар менен қашады. Әркімнің өз тоны өзіне жақсы. «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. | «Қарға мен кірпі» ертегісі тапсырмаларымен | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: Кестені толтыр. Мәтіннен кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді сұрыптап жаз.
Рефлексия Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйіңді қай ағашқа теңейсің? Неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды