Жанды табиғат туралы әңгіме, мысалға болжам жасау Түлкі мен тырна №2 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Жанды табиғат туралы әңгіме, мысалға болжам жасау Түлкі мен тырна №2 сабақ | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну 3.1.5.1 тыңдаған оқиға/әңгіменің жалғасын болжау 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау 3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау 4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту 3.4.5.2 дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесін сақтап жазу | |||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы кейіпкердің сөзін болжайды, оқиға ретін анықтайды, мұғалімнің көмегімен сөздердің емлесін сақтап жазады Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіндегі оқиғаның жалғасын, кейіпкердің сөзін болжайды, оқиғаны мазмұндайды, сөздердің емлесін сақтап жазады Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне қатысты пікірін айтады, сөздерді сауатты жазады | |||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған оқиғаның жалғасын, кейіркердің сөзін болжайды. Мәтіннің мазмұнын сурет және тірек сөздер арқылы мазмұндайды. Жалғауды дұрыс жалғап, сөздерді дұрыс жазады. | |||||
Лексикалық минимум | Тырна | |||||
Грамматикалық минимум | Тәуелдік жалғау, б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары Тырнаның тұмсығы | |||||
Құндылықтарды дарыту | Сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді. Қонақты құрметтеу керектігін түсінеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | |||||
Бастапқы білім | Тыңдаған оқиғаның жалғасын болжайды. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Үй тапсырмасын тексеру «Балмұздақ таяқшалары» әдісімен 2-3 оқушыдан «Кірпі мен қарға» мысалының мазмұнын сұрау. «Бас бармақ» әдісі немесе пікір айту арқылы оқушылардың жауаптарын бағалау. Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
| ||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс. «тырна» сөзін сурет арқылы меңгерту Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру Тырнаның тұмсығы, тырнаның денесі, тырнаны көру Өлеңді бірлесіп оқу( тырнаның сирағын, тырнағын, тұмсығын суреттен көрсету, қ дыбысының ғ дыбысына өзгергендігіне тоқталу, тырнамын, ұстаймын сөздері бірінші жақтан айтылып тұрғандығын айтып өту). Тырна Сирағы ұзын тырнамын Тырнағы ұзын тырнамын Балықты сүзбей Ұстаймын шоқып Тұмсығы біздей тырнамын. (МК, Ж) Ертегіні оқу. Ертегінің мәтінін қағазға шығарып, әр жұпқа тарату. Мәтінде бірнеше сөз және оқиғаның соңы алынып тасаталады. Оқушылар көп нүктенің орнына кейіпкердің айтқан сөзін және соңын болжап жазады. ***** Баяғыда түлкі мен тырна дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырады. – Досым тырна, ертең маған қонаққа кел, – деді. Тырна түлкіге қонаққа келді. Түлкі ботқа пісіріпті. Ботқаны тәрелкеге салып, тырнаға берді. Тырна ұзын тұмсығымен тәрелкені тырс-тырс еткізді, бiрақ ештеңе жей алмады. Ал түлкi рахаттанып, ботқаны өзi жеп қойды. Сосын: – Ренжіме, менде басқа ештеңе жоқ– деді. – Рахмет, түлкі, ертең маған қонаққа кел, – деді тырна. Ертеңіне түлкі тырнаға қонаққа келді. Тырна көже пісіріпті. Көжені құмыраға құйып, түлкіге берді. Бірақ түлкінің тұмсығы құмыраға сыймады, түлкі ештеңе жей алмады. Ал тырна рахаттанып, өзі көжені ішті. – Түлкі, досым, ренжіме,менде басқа ештеңе жоқ, – деді. ____________________________________________ Соңы: Ештеңе айтпай, түлкі кетіп қалды. Содан бастап түлкі мен тырна дос емес екен. Жұптар орындап болған соң, түпнұсқаны тыңдайды, өз болжамдарымен салыстырып, өздерін «Пайыздық көрсеткіш» әдісімен бағалайды. 100% 75% 50% 25% Оқушыларға төмендегі сұрақтар қою арқылы пікірлерін айттыру.
Мұғалімнің пікір айту арқылы бағалауы(ойыңды жақсы жеткіздің, сөйлемді дұрыс құрадың, өте ақсы пікір айттың) (Ж) Айтылым. Оқиғаның ретін анықтайды. Суреттер мен тірек сөздерді қолданып, ертегіні әңгімелейді. Тірек сөздер: тырна, түлкі, дос, қонаққа шақырады, құмыра, тәрелке, ұзын тұмсығымен, сыймады, рахаттанып Дескриптор:
Жұпта отырған оқушылар бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды. 2-3 оқушының жауаптарын тақтада тыңдау. Оқушылар тапсырмаға «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс береді. (Ө) Жазылым. Сөздерге тәуелдік жалғауларын жалғап жазады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөйлем құрап жазады. Тырна туралы білетін ақпаратымен бөліседі.
Қалаулары бойынша бірнеше оқушы сөйлемдерін оқиды. Сыныптастар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. | http://kaz-tili.kz/text11.htm | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: Тырнаның суретін салып, ауызша сипаттап айту Рефлексия Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйіңді қай ағашқа теңейсің? Неліктен? |
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?