Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Үй жануарлары №3 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

1-тарау

Жанды табиғат

3-сабақ

Үй жануарлары

Бұл сабақта оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға көңіл бөлінеді. Тақырып бойынша берілген ақпараттарды түсіну, ой елегінен өткізу, талдау жасау сияқты дағдыларды дамытуға бағытталады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Грамматикалық минимум ретінде сын есімдерді орынды қолдана білуге үйрету көзделеді.

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, заттың сынын білдіретін сөздерді анықтайды

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтннің түйінді тұсын түсінеді, заттың сынын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады

Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты білетін ақпаратымен бөліседі

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаңыз. «Балмұздақ таяқшалары» тәсілін қолдануыңызға болады(шарты алдыңғы сабақта жазылған). «Бас бармақ» әдісі немесе пікір айту арқылы сыныптастары бағалалайды.

Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін, сабақтың тақырыбы мен мазмұнын жұмбақтар шештіру арқылы болжатыңыз. Сабақ мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

Үй жануарларының атауларын көпшілігі бала-бақшадан білуі мүмкін, сол себепті жаңа сөздерді суреттерді сәйкестендіру арқылы естеріне түсіріңіз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құрғызыңыз.

Оқылымалды тапсырмада бұлтшаның ішіндегі заттың сынын білдіретін сөздерге ортақ не екенін анықтайды (заттың сынын, түсін білдіретін сөздер, бір сұраққа жауап береді). Бұдан кейін осы сын есімдерді үй жануарларының атауларымен байланыстырып айтуды тапсырыңыз (Қоңыр қозы, сүтті сиыр, момын жануар, жүйрік ат, төзімді мал)

Үй жануарлары туралы көбірек білетін оқушылар болуы мүмкін, сондықтан ол оқушыларға өз білетіндерімен бөлісулеріне мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың жауаптарын міндетті түрде ауызша комментарий айту арқылы бағалауды ұмытпаңыз.

Негізгі оқылым тапсырмасында «Жауап кодтары» әдісін қолданыңыз.

Оқушыларға ақпараттар жазылған кестені оқушылар санына байланысты жеке-жеке шығарып беріңіз.

Ақпараттарды оқи отырып, сөйлемнің қасына төмендегі белгілерді қояды.

Таныс ақпарат =

Жаңа ақпарат +

Қызықты ақпарат *

Түсінбедім ?

Тапсырманы оқушылардың толық түсінгенін қадағалаңыз. Әр оқушы өздігінен орындап болған соң, шағын топтарға бөліңіз. Топтарда әр оқушы түсініксіз болған ақпараттарын айтады, қалған топ мүшелері түсіндіруге тырысады. Ал топ ішінде жауапты таба алмаса, сыныпқа ұсынып, бірлесе жауап береді. Айта алмаған жағдайда өзіңіз түсіндіріп кетіңіз. Ең қызықты ақпаратты, жаңа ақпаратты анықтаңыздар.

Оқыған ақпараттарды естерінде сақтау мақсатында әрі сергіту сәті ретінде «И!» және «ЖОҚ» ойынын ойнатыңыз. «ИӘ» және «ЖОҚ» сөздері жазылған екі қағаз қарама-қарсы қойылған екі орындыққа қойылады. Оқушыларды екі топқа бөлу. Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша дұрыс және бұрыс ақпарат айтылады. Мұғалім бір сөйлемді оқыған кезде, екі топтан бір-бір оқушы ортадағы орындықтың біреуіне жылдам отыруы керек. Дұрыс жауапқа сәйкес орындыққа көбірек отырған топ жеңіске жетеді.

Жазылым тапсырмасында әркім өзіне ұнайтын малдың суретін салады және сипаттап жазады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға тірек сөздер беріңіз. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. 5-7 минут көлемінде уақыт беріңіз. Тапсырманы дидактикалық құралда берілген қағазда орындатуыңызға болады. Орындап болған соң, бірнеше оқушы тақтаға шығып, жұмысымен таныстырады. Жұмыстарын сынып оқушылары дескриптор бойынша бағалайды.

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Тапсырманы қағазға шығарып беріңіз. Көп нүктенің орнына қажетті сөздердің біреуін қойып, көшіріп жазады.

Сабақ соңында түстерді таңдау арқылы сабаққа рефлексия жасатыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу