Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Үй жануарлары №3 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
1-тарау: Жанды табиғат
№3 сабақ Үй жануарлары
№1 Cуреттер пен сөздерді сәйкестендір.
ҚОЙ | |
ТҮЙЕ | |
СИЫР | |
ЖЫЛҚЫ |
№2 Сөйлемдерді(ақпараттарды) оқы. Оқыған ақпаратқа белгі қой.
Таныс ақпарат =
Жаңа ақпарат +
Қызықты ақпарат *
Түсінбедім ?
№ | Сөйлемдер (ақпарат) | Белгілер = + * ? |
1 | Қой – өте момын жануар. | |
2 | Қойдың жүнінен шұлық, қолғап тоқиды. | |
3 | Қойдың терісінен тон тігеді. | |
4 | Жылқыға мінеді(отырады). | |
5 | Жылқы жақсы шабады. | |
6 | Жылқының сүтін қымыз деп атайды. | |
7 | Қымыз денсаулыққа пайдалы. | |
8 | Жылқы таза суды ғана ішеді. | |
9 | Түйе –шөлге төзімді жануар. | |
10 | Түйемен жүк тасиды. | |
11 | Түйенің жүнінен жылы киім тоқиды. | |
12 | Түйенің сүтін шұбат деп атайды. | |
13 | Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды. | |
14 | Үй жануарлары жем, шөп жейді, су ішеді. |
Жазылым. Өзіңе ұнайтын үй жануарының суретін сал және сипаттап жаз. Тірек сөздерді қолдан.
Тірек сөздер: жүні, құйрығы, құлақтары, аяқтары, денесі, мүйізі
Дескриптор:
- Үй жануарының суретін салады.
- Жануарды сипаттап жазады.
Менің сүйікті жануарым __________________________________ __________________________________ __________________________________ __________________________________ __________________________________ __________________________________ __________________________________ __________________________________ __________________________________ ___________________________________ |
Үй тапсырмасы: Сөйлемдерді аяқтап жаз.
Үй жануарларының пайдасы ... .
Түйенің сүтін ... деп атайды.
Қойдың бойы ... .
Жылқының сүті ... пайдалы.
Сиырдың ... мүйізі бар.
Керекті сөздер: аласа, екі, шұбат,көп, денсаулыққа
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?