Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Үй жануарлары №3 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жанды табиғат туралы ақпарат жинау

Үй жануарлары №3 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіннің түйінді тұсын түсіну

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша сөйлеу тілінде қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
  • Заттың сынын білдіретін сөздерді қолдану

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, заттың сынын білдіретін сөздерді анықтайды

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтннің түйінді тұсын түсінеді, заттың сынын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады

Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты білетін ақпаратымен бөліседі

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Заттың сынын білдіретін сөздерді қолданады.

Лексикалық минимум

Жылқы, сиыр, түйе, қой

Грамматикалық минимум

Сын есім

Төзімді мал, жүйрік ат

Құндылықтарды дарыту

Төрт түлік малдың пайдасын түсінеді. Еңбек адамын құрметтеуге үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Кейіпкердің сөзін болжайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Балмұздақ таяқшалары әдісімен үй тапсырмасын тексеру.

Жұмбақ шешу арқылы сабақтың мазмұнын болжайды.

Жұмбақтар

1. Өзі үлкен жануар,Үстінде екі тауы бар.(Түйе)2. Кішкене ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар.(Қой)Бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.

Заттың сынын білдіретін сөздерді қолданамын.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.

«сиыр, жылқы, түйе, қой» сөздерін суреттермен сәйкестендіру арқылы меңгереді

Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру

(Ө) Оқылым

Оқылымалды тапсырма

Мына сөздерге ортақ нелер бар?(заттың түсін, сынын білдіретін сөздер, бір сұраққа жауап береді)

Мына суреттерді сөздермен сәйкестендір.

Ықтимал жауаптар:

Қоңыр қозы, сүтті сиыр, момын жануар, жүйрік ат, төзімді мал

Олар туралы не білесің?

Тағы не білгің келеді?

Оқылым тапсырмасы

(Ө) «Жауап кодтары» әдісі.

Оқушыларға ақпараттар жазылған кесте беріледі.

Ақпараттарды оқи отырып, сөйлемнің қасына төмендегі белгілерді қояды.

Таныс ақпарат =

Жаңа ақпарат +

Қызықты ақпарат *

Түсінбедім ?

Үй жануарлары туралы ақпараттар.

Сөйлемдер (ақпарат)

Белгілер

= + * ?

1

Қой – өте момын жануар.

2

Қойдың жүнінен шұлық, қолғап тоқиды.

3

Қойдың терісінен тон тігеді.

4

Жылқыға мінеді(отырады).

5

Жылқы жақсы шабады.

6

Жылқының сүтін қымыз деп атайды.

7

Қымыз денсаулыққа пайдалы.

8

Жылқы таза суды ғана ішеді.

9

Түйе –шөлге төзімді жануар.

10

Түйемен жүк тасиды.

11

Түйенің жүнінен жылы киім тоқиды.

12

Түйенің сүтін шұбат деп атайды.

13

Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.

14

Үй жануарлары жем, шөп жейді, су ішеді.

(Т) Әр оқушы өз бетімен кестені толтырған соң, 3-4 оқушыдан тұратын топқа бөлу.

Топта әр оқушы түсініксіз болған ақпараттарын айтады, қалған топ мүшелері түсіндіруге тырысады. Ал топ ішінде жауапты таба алмаса, сыныпқа ұсынып, бірлесе жауап береді.

(Т) «ИӘ» және «ЖОҚ» ойыны.

  • Түйе жақсы шабады.
  • Қойдың жүнінен қолғап тоқиды.
  • Жылқының сүтін шұбат деп атайды.
  • Түйе -шөлге төзімді жануар.
  • Сиырдың сүтінен қымыз жасайды.
  • Адамдар жылқыға мінеді.
  • Қойдың адамға пайдасы жоқ.
  • Түйемен жүк тасиды.
  • Сиырдың сүтінен май жасайды.
  • Жылқының етін жемейді.
  • Сиыр шөп жемейді.
  • Жылқы тек таза су ішеді.
  • Малдар шөп, жем жейді.

«ИӘ» және «ЖОҚ» сөздері жазылған екі қағаз қарама-қарсы қойылған екі орындыққа қойылады. Оқушыларды екі топқа бөлу. Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша дұрыс және бұрыс ақпарат айтылады. Мұғалім бір сөйлемді оқыған кезде, екі топтан бір-бір оқушы ортадағы орындықтың біреуіне жылдам отыруы керек. Дұрыс жауапқа сәйкес орындыққа көбірек отырған топ жеңіске жетеді.

(Ө) Жазылым. Әркім өзіне ұнайтын малдың суретін салады және сипаттап жазады.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға тірек сөздер беріледі.

Тірек сөздер: жүні, құйрығы, құлақтары, аяқтары, денесі, мүйізі

Дескриптор:

  • Үй жануарының суретін салады.
  • Жануарды сипаттап жазады.
  • Сипаттау сөздерді сөйлеме дұрыс қолданады.

Қалаулары бойынша бірнеше жұмыстарын сынықа ұсынады. оқиды. Сыныптастар дескриптор арқылы бір-бірін бағалайды.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Сөйлемдерді аяқтап жаз.

Үй жануарларының пайдасы ... .

Түйенің сүтін ... деп атайды.

Қойдың бойы ... .

Жылқының сүті ... пайдалы.

Сиырдың ... мүйізі бар.

Керекті сөздер: аласа, екі, шұбат,көп, денсаулыққа

Рефлексия

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу