Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Ақ лақ №4 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

1-тарау

Жанды табиғат

4-сабақ

Ақ лақ

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысын дамыту, оқыған мәтін мазмұны бойынша, кейіпкерлердің әрекетіне қатысты сұрақтар құрастыра білуге үйрету көзделеді. Оқылым мәтіні ретінде өлең, ән таңдалынды. Оқушылар сөздік қорларын ән айтып үйрену арқылы молайта алады. Бұл оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, жанр ерекшелігін Сондай-ақ оқушылар оқылым мәтініндегі негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгереді. Грамматикалық минимум ретінде қимылды білдіретін сөздер қарастырылады.

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы сұрақтар құрастырады

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтін кейіпкерінің әрекетіне қатысты сұрақтар құрастырады, мәтіннің тақырыбын анықтайды.

Оқушылардың кейбірі: мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, үлгі бойынша өз өлеңін құрастырады

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаңыз. Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

Жаңа сөзді сурет, қимыл арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз.

«Бірлесіп оқу» әдісі (мұғалім жетекші рөл атқарады)

Ән мәтініндегі таныс емес сөздерді қимыл арқылы, синоним сөздер арқылы ,ым-ишара арқылы меңгерту.

Өлеңге тән ерекшеліктерді өлеңнің мазмұнын түсінгеннен кейін қарапайым түрде түсіндіріп кетіңіз:

  • Автордың айтайын деген ойы болады.
  • Өлеңнің тақырыбы болады.
  • Өлеңде шумақтар, өлең жолдары болады.
  • Өлеңде ұйқас болады.

Бұдан кейін өлең не туралы және автор не айтқысы келгенін сұрау. Кедергі туындап жатқан жағдайда, қолдау үшін жетелеу сұрақтарын қойыңыз. Мәтінді толық талдап болған соң, әр оқушының мәтін мазмұнын толық тексеру үшін кестені толтыруды тапсырыңыз. Тапсырманы орындап болған соң, тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып тексереді. Өз жұмыстарын бағалайды.

Егер мүмкіндік болса, сергіту сәті ретінде өлеңді әуенімен тыңдап, бірлесіп айтыңыздар.

Сабақтың мақсатына сәйкес оқыған мәтіндегі кейіпкердің әрекетіне қатысты сұрақтар қою керек. Ол үшін оқушыларды топқа бөліңіз. Қабылдау деңгейлері әртүрлі оқушыларды аралас отырғызыңыз. Қалауыңыз бойынша, жұпта орындатуға да болады. Орындап болған соң, топтар бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды.

  • Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырады.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.

Сабақ соңында оқушылар лақ туралы бес жолды өлең құрастырады. Үлгісін тақтадан көрсетіп қойыңыз. Үлгіге қарап жұпта бірлесіп, өз өлеңдерін құрастырады. Қалаулары бойынша бірнеше оқушы өлеңдерін оқиды. Сыныптастар бір-бірін «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Үйге ақ лақ туралы өлеңді жаттап келуді тапсырыңыз.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу