Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Төлдер №5 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)
1-тарау
Жанды табиғат
5-сабақ
Төлдер
Бұл сабақта да оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысымен қатар оқыған мәтіннің түрін, жанрын анықтау, мәтін бойынша пікірн айтуға үйретуге көңіл бөлінеді. Сондай-ақ оқушылар мәтінді оқи отырып, негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Грамматикалық минимум ретінде сөздердің ретін сақтап, сөйлем құруға дағдыланады.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін түрін анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің түрін, жанрын ажыратады, қолдау арқылы мәтін бойынша пікірін айтады.
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтіндегі кейіпкерлердің сөздеріне қатысты пікірін айтады, жанрылқ ерекшеліктерді ажыратады
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаңыз.
Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.
Жаңа сөздерді сурет арқылы меңгереді. Алдыңғы сабақтарда үй жануарларының атауларын үйренгендіктен, сурет арқылы оларды төлдерімен сәйкестендіреді. Үлгі арқылы сөйлем құруға үйретіңіз. Жалғауды дұрыс жалғап айтуға дағдыланады.
Бұдан кейін сабақ мақсатына сәйкес мәтін және әңгімелеу мәтіні туралы imektep.kz/kz/angimeleu-matini сайты арқылы еске түсіруіңізге болады. Уақытыңызды үнемдеу үшін бейнематериалдың 3.50-5.06 аралығын екі рет көрсетіңіз. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, таныстырылым арқылы көрсетіңіз. Бұдан кейін қаншалықты түсінгендіктерін тексеру үшін сұрақтар мен олардың анықтамаларын сәйкестендіруді тапсырыңыз. Әңгімеге тән жанрлық ерекшеліктерді түсіндіріңіз. Осыдан кейін оқылымалды тапсырманы орындатыңыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, сұрақ бойынша талқылау жүргізуді тапсырыңыз. Ойларын айтуға қажет тірек сөздерді қолдануды ұсыныңыз . Бұл тапсырмаға 2 минут жеткілікті. Топтардың жауаптарын тыңдап, кері байланыс беріңіз. Бұдан кейін топтар мәтін мазмұнымен танысып, кейіпкерлерін анықтайды. Сөздерін бөліп алып, рөлге бөліп оқиды. Сөздерін дұрыс айтып, мәнерлеп оқуларына қатысты сыныптастары немесе өзіңіз пікіріңізді айтыңыз. Соңында оқылымнан кейінгі берілген тапсырманы орындатыңыз. Тапсырманың нұсқаулығын жақсы түсінгендерін тексеріңіз. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Топтардың талқылауларына 5 минут уақыт беріңіз. Тапсырманы орындап болған соң, топтар бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды. Негізгі мақсатқа бағытталған тапсырма болғандықтан, осы тапсырмаға оқушылардан кері байланыс алыңыз. Егер «тапсырма қиын болды, көп нәрсе түсініксіз болды, қиындық тудырды» деген оқушылар болса, дәптеріңізге түртіп алып, қосымша сабаққа шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаса, келесі сабаққа арналған жоспарыңызға жеке жұмыс жасауды енгізіңіз. «Бағытталған оқу» әдісін ұйымдастыруыңызға болады(мұғалімнің жетекшілігімен оқу).
Сөйлемдегі сөздердің орындарын сақтап жазу дағдыларын дамыту үшін жазылым тапсырмасын беріңіз. Бұл тапсырманы әр оқушы өз бетімен орындайды. Орындап болған соң, төрт оқушы бір сөйлемнен оқиды, қалғандары дұрыс-бұрыстығын анықтайды. Сабақ соңында дәптерлерін жинап алып, тексеруіңізге болады.
Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Сабақ мақсатына сәйкес 5-6 сөйлемнен тұратын шағын әңгімелеу мәтінін құрастыруды тапсырыңыз. Бұл сабақта алған білімдерін бекіту үшін маңызды.
Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз. Төменде берілген сөз орамдарын беріңіз. Сондай-ақ қажетті сөздерді де ұсыныңыз. Алғашқы уақыттарда қолдау үшін қажетті сөздерді беріп отырған дұрыс. Сабақта не үйренгендерін толық сөйлем түрінде айтуға жетелеңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?