Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Төлдер №5 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
1-nарау: Жанды табиғат
№ 5 сабақ Төлдер
№1 Үй жануарларын төлдерімен сәйкестендір.
№2 Түсініп оқып, есіңе сақта!
- Мәтін дегеніміз – ауызша немесе жазбаша ойды жеткізу.
- Мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады. Олар бір-бірімен байланыста болады.
- Әңгімелеу мәтіні – оқиғаны ретімен баяндайды.
- Әңгімелеу мәтінінің сұрағы: Не істеді?
- Әңгімеде қысқа сюжет болады.
- Әңгімеде бірнеше кейіпкер болады.
- Әңгіменің идеясы болады (Идея- автордың айтайын деген ойы).
№3 Мәтінді оқы.
Бір күні лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота «Біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» - деп бір - бірінен сұрады.Сонда лақ тұрып:Мә - ә, мә - ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішеді, жүнімізден киім тоқиды,- деді.Сонда құлын:- Лақ, сен мақтанба. Бізден қазы – қарта, шұжық, қымыз алады. Мінсе, көлікпіз- дейді.Бұзау тұрып:- Сендер мақтанбаңдар, адамға ең пайдалысы – сиыр. Бізден сүт, май, ірімшік алады,- десе, қошақан тұрып:- Сендер мақтанбаңдар, ием мені жақсы көреді. Біздің жүнімізден киім, үйге керек заттарды жасайды,- дейді.Бота тұрып:- Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбат денсаулыққа өте пайдалы, - дейді.Осы кезде адам: - Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер! – деді.
№4 Сұрақтарға жауап бер.
- Мәтін не туралы?
- Автор не айтқысы келді?
- Мәтіннің жанры қандай? Дәлелде.
- Мәтіннің қай түріне жатады? Жауабыңды түсіндір.
Дескриптор:
Мәтіннің
- тақырыбын
- идеясын
- жанрын
- түрін анықтайды.
№5 Орындары ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
- Пайдасы, көп, үй жануарларының, адамға.
- Сүтінен, май, сиырдың, жасайды.
- Жүнінен, қойдың, тоқиды, киім.
- Деп, шұбат, түйенің, атайды, сүтін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?