Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Төлдер №5 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жанды табиғат туралы ақпарат жинау

Төлдер №5 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.​3.​3.​1 мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, әңгімелеу/сипат тау мәтінін анықтау

2.5 Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру

3.​2.​5.​1 оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу

Сабақ мақсаттары

  • Оқыған мәтіннің жанрын, түрін анықтау
  • Оқыған мәтін бойынша пікір айту.

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін түрін анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің түрін, жанрын ажыратады, қолдау арқылы мәтін бойынша пікірін айтады.

Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтіндегі кейіпкерлердің сөздеріне қатысты пікірін айтады, жанрылқ ерекшеліктерді ажыратады

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Оқыған мәтіннің жанрын, түрін анықтайды.

Мәтін бойынша пікірін айтады.

Лексикалық минимум

бота, бұзау, құлын, қозы

Грамматикалық минимум

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Құндылықтарды дарыту

Өз ойын, көзқарасын айта білу, өзгелердің пікірімен санасу

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Ақ лақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй тапсырмасын сұрау

«Ақ лақ» өлеңін жатқа айту(4-5 оқушыдан сұрау)

Мадақтау сөздер айту арқылы бағалау(«Жарайсың!», «Өте жақсы!») немесе «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Оқыған мәтіннің жанрын анықтаймын.
  • Мәтін бойынша пікірімді айтамын.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.

«бота, бұзау, лақ, құлын» сөздерін суреттермен сәйкестендіру арқылы меңгереді

Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру

(МК,Ұ) Мәтін және әңгімелеу мәтіні туралы imektep.kz/kz/angimeleu-matini сайты арқылы еске түсіру (3.50-5.06 аралығын көрсету)

Бейнематериалды көріп болған соң, сұрақтар мен жауаптарын сәйкестендіреді.

Мәтін деген не?

Мәтін – ауызша немесе жазбаша ойды жеткізу.

Мәтін неден тұрады?

Мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады. Олар бір-бірімен байланыста болады.

Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?

Әңгімелеу мәтіні – оқиғаны ретімен баяндайды.

Негізінен қандай сұраққа жауап береді?

Не істеді?

Әңгімеге тән ерекшеліктерді түсіндіру

  • Әңгімеде қысқа сюжет болады.
  • Әңгімеде бірнеше кейіпкер болады.
  • Әңгіменің идеясы болады (Идея- автордың айтайын деген ойы).

Оқылымалды тапсырма

Оқылым мәтінінде кездесетін кейбір сөздерге түсінік беру

Ие- малға қарайтын адам

Мақтану- өзі туралы жақсы сөз айту(мен мықтымын, мен ақылдымын)

Көлік – мәшине, ұшақ, пойыз, жылқы және т.б.

Қошақан-қозы

(Т) Оқушылар топта «Қай малдың адамға пайдасы көп?» деген сұрақты талқылайды (2 минут). Топтар өз ойларымен бөліседі.

Ойын айтуға қажет тірек сөздерді қолдану:

  • Біздің ойымызша,...
  • Біздің пікірімізше, ...
  • Біз ... деп ойлаймыз.

(Т) Оқылым тапсырмасы

Мәтіннің кейіпкерлерін анықтап, рөлге бөліп оқиды.

Кейіпкерлер: автор, лақ, бұзау, қошақан, бота, құлын, адам

Бір күні лақ, құлын, бұзау, қошақан мен бота «Біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» - деп бір - бірінен сұрады.Сонда лақ тұрып:Мә - ә, мә - ә, әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішеді, жүнімізден киім тоқиды,- деді.Сонда құлын:- Лақ, сен мақтанба. Бізден қазы – қарта, шұжық, қымыз алады. Мінсе, көлікпіз- дейді.Бұзау тұрып:- Сендер мақтанбаңдар, адамға ең пайдалысы – сиыр. Бізден сүт, май, ірімшік алады,- десе, қошақан тұрып:- Сендер мақтанбаңдар, ием мені жақсы көреді. Біздің жүнімізден киім, үйге керек заттарды жасайды,- дейді.Бота тұрып:- Бәріңнен де иеміз мені жақсы көреді. Бізден алатын шұбат денсаулыққа өте пайдалы, - дейді.Осы кезде адам: - Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрің де керексіңдер! – деді.

(Т) Оқылымнан кейінгі тапсырма. Топтар берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Мәтін не туралы?
  • Автор не айтқысы келді?
  • Мәтіннің жанры қандай? Дәлелде.
  • Мәтіннің қай түріне жатады? Жауабыңды түсіндір.

Дескриптор:

Мәтіннің

  • тақырыбын
  • идеясын
  • жанрын
  • түрін анықтайды.

Топтар бір-бірінің жауаптарын дескриптор арқылы бағалайды.

Оқушылардың тапсырмаға кері байланысы:

(Ө) Орындары ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазады.

  • Пайдасы, көп, үй жануарларының, адамға.
  • Сүтінен, май, сиырдың, жасайды.
  • Жүнінен, қойдың, тоқиды, киім.
  • Деп, шұбат, түйенің, атайды, сүтін.

Орындап болған соң, 4 оқушы бір сөйлемнен оқиды. Қалған оқушылар дұрыс/ бұрыстығын анықтайды.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

5-6 сөйлемнен тұратын шағын әңгімелеу мәтінін құрастыру

Рефлексия

Мен бүгінгі сабақта ... үйрендім.

Мен ... анықтай аламын.

Мен ... ажыратамын.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу