Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Үй құстары №6 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


1-тарау: Жанды табиғат

№6 сабақ Үй құстары

№1 Ұяшықтарға үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын жаз.

№2 Сөздерді есіңе сақта!

№3 БББ кестесін толтыр. «Үй құстары»

Білемін

Білдім

Білгім келеді

№4 Мәтінді түсініп оқы.

Тауық, қаз, үйрек, күркетауық - бұлар үй құстары. Адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетеді, асырайды. Оларға жем, су береді, қора салады. Үй құстары көктемде балапан туады.

Үй құстарының пайдасы көп. Адамдар жұмыртқасын, етін пайдаланады. Жүнінен жастық, көрпе жасайды.

5 Мәтін бойынша сұрақтар (жеке-жеке қиылады)

  • Қандай үй құстарын білесің?
  • Үй құстары не жейді?
  • Үй құстары қашан балапан туады?
  • Үй құстарының жүнін не үшін пайдаланады?

6

7 Оқыған мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен жаз.

Тірек сөздер:

Үй құстары, асырайды, балапан, қора, пайдасы, пайдаланады.

Дескриптор:

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын жазады.
  • Тірек сөздерді қолданады.
  • Мағыналас сөздерді қолданады.

8 Үй жұмысы

Өзіңе ұнаған 2-3 жұмбақты жаттап ал.

1. Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап.

(Балапан)

2. Қық - қық етеді,

Кезіп жүріп көшені,

Жата қалса орнына

Ақ доп тастап кетеді.

(Тауық)

3. Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап.

(Қаз)

4.Суға түссе балықтай

Жүзе берер жалықпай

(Үйрек)

5. Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

(Әтеш.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу