Көгершін туралы аңыз №7 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

1-тарау

Жанды табиғат

7-сабақ

Көгершін туралы аңыз

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың қосымша ақпарат көздерінен алынған ақпараттарды оқып, сол ақпараттарды қолдана білу дағдыларын дамытуға көңіл бөлінеді. Оқыған ақпараттарды кестеге жазып, кестедегі тірек сөздерді қолданып, тақырып бойынша сөйлей білуге дағдыланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Сондай-ақ сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын үйрету көзделеді. Грамматикалық минимум ретінде сан есімдерді дұрыс айту қарастырылады.

Оқушылардың барлығы: мұғалімнің көмегімен қосымша ақпарат іздейді және қолдау арқылы тақырып бойынша сөйлейді

Оқушылардың көпшілігі: тақырып бойынша қажетті ақпаратты табады, тақырып бойынша тірек сөздерді сөйлеу барысында қолданады, қолдау арқылы заттың санын білдіретін сөздерді дұрыс айтады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша қосымша ақпаратты орынды қолданып, сөйлеу барысында қолданады, тақырып бойынша білетін ақпаратымен бөліседі, заттың санын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Үй берілген тапсырма бойынша, жұмбақтарды жатқа сұраңыз. Барлық оқушыдан сұрау міндет емес, бірнеше оқушыдан сұрасаңыз болады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

Жаңа сөзді сурет арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз. Сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуына тоқталыңыз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз.

Оқылымалды тапсырмада сурет арқылы оқылым мәтінінің мазмұнын болжайды.

Суретке қарап, көгершін қандай құс деп айтуға болады деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бұл сұраққа қабылдау деңгейлері жоғары оқушылар жауап берулері мүмкін. (адамдарға жақын жүреді, дос болған, адамдарға көмектеседі, көгершінді адамдар жақсы көрген)

Бірінші мәтінді «Бірлесіп оқу» әдісі бойынша оқыңыздар. Мәтінді оқуда өзіңіз жетекші рөл атқарасыз. Мәтінді оқу барысында кейбір сөздерге түсінік бере отырып оқыңыз. Қажетінше сұрақ қоя отырып, оқушылардың назарларын мәтін мазмұнын түсінуге аударыңыз. Бұдан кейін мәтін мазмұнын түсінгендерін тексеру үшін жоспарда берілген сұрақтарды қойыңыз. Жауаптарына бірден кері байланыс беріп отырыңыз. Бұдан кейін оқушыларды жұпқа бөліңіз. Жұптарға қабілеттері әртүрлі оқушыларды аралас отырғызыңыз. Содан кейін тапсырманы, яғни оқушылардан не күтілетінін түсіндіріңіз. Дидактикалық құралдан карточканы (оқиғаны ретімен нөмірлеу) әр жұпқа таратып беріңіз. Тапсырманы жұптар орындап болғаннан кейін, көрші отырған басқа жұптармен ауысады да дұрыс нұсқамен тексереді. Дұрыс нұсқаны өзіңіз оқып беріңіз. Жұптар бір-бірін қысқаша комментарий айту арқылы бағалайды. Тапсырманы толық орындап болған соң, оқушылар тапсырмаға «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Сабақтың келесі кезеңінде алдымен сергіту сәтін жүргізіңіз, сосын сан есімдерді дұрыс айтуды естеріне түсіріңіз. Бұл алдыңғы тапсырмада айтылым барысында көмек болады.

Бірнеше оқушы үлгі бойынша сан есім айтады. Бұдан кейін оқушылар өздігінен көгершін туралы ғаламтордан алынған ақпаратты оқиды. Оқушылар мәтінді оқып отырғанда, қолдауды қажет ететін оқушылардың қастарына барыңыз, көмек көрсетіңіз. Мәтіннің мазмұнын түсінгеннен кейін, қажетті ақпараттарды тауып, кестеге жазады. Белгілі бір уақыт ішінде орындап болғаннан кейін, жұпта отырған оқушылар бір-біріне кестедегі тірек сөздерді қолданып, көгершін туралы әңгімелеп береді. Соңында дескриптор арқылы бір-бірін бағалайды. Әңгімелеп жатқанда қастарына барып тыңдаңыз.

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Көгершін туралы сипаттау мәтінін жазуды тапсырыңыз. Сипаттау мәтінінің сұрағын естеріне түсіріңіз.Бірнеше мысал келтірулерін сұраңыз. Үй тапсырмасын толық түсінгендері маңызды.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз. Рефлексия жасауға «Сөйлемді толықтыр» әдісін қодануыңызға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу