Көгершін туралы аңыз №7 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көгершін туралы аңыз №7 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

3.​3.​5.​1 сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу

2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу

3.​2.​2.​1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Тақырып бойынша қосымша ақпарат табу
  • Тірек сөздерді қолданып сөйлеу
  • Заттың санын білдіретін сөздерді дұрыс айту

Оқушылардың барлығы: мұғалімнің көмегімен қосымша ақпарат іздейді және қолдау арқылы тақырып бойынша сөйлейді

Оқушылардың көпшілігі: тақырып бойынша қажетті ақпаратты табады, тақырып бойынша тірек сөздерді сөйлеу барысында қолданады, қолдау арқылы заттың санын білдіретін сөздерді дұрыс айтады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша қосымша ақпаратты орынды қолданып, сөйлеу барысында қолданады, тақырып бойынша білетін ақпаратымен бөліседі, заттың санын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады

Бағалау критерийлері

Тақырып бойынша қосымша ақпаратты кестеге салады.

Тірек сөздерді қолданып сөйлейді.

Заттың санын білдіретін сөздерді дұрыс айтады.

Лексикалық минимум

Көгершін, ұя

Грамматикалық минимум

Сан есім

200- екі жүз

Құндылықтарды дарыту

Жанды табиғат туралы, оның таңғажайып сырларын көбірек білуге тырысады. Өздігінен ақпарат іздеу жолдарын үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Үй құстары

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй тапсырмасын сұрау

Жұмбақтарды жатқа сұрау

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Тақырып бойынша қосымша ақпарат табамын.
  • Тірек сөздерді қолданып сөйлеймін.
  • Заттың санын білдіретін сөздерді қолданамын.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.

Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту

Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.

Көгершін ұя

Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді түсіндіру

Жазылуы

Айтылуы

көгершін

көгөршүн

ұя

ұйа

Мәнерлеп оқиық!

Келіп көктем құстары,

Бау - бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

Оқылым

Оқылымалды тапсырма

(МК, Ұ)

Суреттер арқылы тыңдалым мәтінінің мазмұнын болжайды.

Суреттерге қарап, көгершін қандай құс деп айтуға болады? (адамдарға жақын жүреді, дос болған, адамдарға көмектеседі, көгершінді адамдар жақсы көрген)

Оқылым тапсырмасы

(МК, Ұ) «Бірлесіп оқу» әдісі

Көгершін – адамдардың сүйікті құсы. Бұрын көгершін хат тасыған. Көгершін туралы аңыздар көп.

Бір күні танымал суретшіге бір өте кедей адам келіпті. Ол суретшіге: «Пабло, сен керемет суретшісің, маған көмектес. Маған бір сурет салып берсең, оны сатамын, тамақ аламын»,-дейді. Пикассо таңқалады. Ол қолына қағаз алып, көгершіннің суретін салып береді.

Мәтін бойынша сұрақтар қою:

  • Көгершін қандай құс?
  • Адамдар көгершінді не үшін жақсы көрді?
  • Пикассо кім болған?
  • Пикассоға кім келді?
  • Кедей суретшіге не айтты?
  • Суретші ненің суретін салып берді?

Оқылымнан кейінгі тапсырма

(Ж) Оқыған мәтін бойынша сөйлемдерді ретімен нөмірле.

Грамматикалық қоржын

Жұптар басқа жұптармен ауысып, жұмыстарын дұрыс нұсқамен тексереді. Мұғалім дұрыс нұсқаны оқып береді. Жұптар бір-бірін қысқаша комментарий айту арқылы бағалайды.

«Өте жақсы»

«Жақсы»

«Талпын»

«Ойлан»

Сергіту сәті

(МК, Ұ) Сан есімдерді дұрыс айтуды естеріне түсіру

100-жүз

150- жүз елу

200-екі жүз

240- екі жүз қырық

300- үш жүз

320- үш жүз жиырма

) Мәтінді оқы.

Көгершіндер орманды, таулы жерлерде мекендейді. Олар адамға жақын жүреді. Басы кішкентай, тұмсығы қысқа. Оларды кептер деп те атайды. Ұясында 1 — 2 жұмыртқасы болады. Көгершін өсімдікпен, дәнмен қоректенеді. Қанатының ұзындығы 180 – 250 мм, салмағы 240 – 350 г. Көгершіндер топтанып жүреді.

Көгершін туралы ақпаратты кестеге толтыр.

Түр-сипаты

Қайда мекендейді?

Немен қоректенеді?

Салмағы, ұзындығы

Қосымша ақпарат

Оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы тапсырмаға кері байланыс береді.

(Ө) Кестені тірек сөздерді пайдаланып, көршісіне көгершін туралы айтып береді(3-4 сөйлем).

Дескриптор:

  • Тақырып бойынша 3-4 сөйлем айтады.
  • Тірек сөздерді дұрыс қолданады.

Қатар отырған отырған оқушылар бір-бірін тыңдап, дескриптор бойынша бағалайды.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Көгершін туралы сипаттау мәтінін жазу.

Рефлексия

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу