Жануарлардың мекені 9-сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)
1-тарау
Жанды табиғат
9-сабақ
Жануарлардың мекені
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тақырып бойынша қосымша ақпарат іздеу, табу, қолдану дағдылары дамиды. Берілген тақырып бойынша сөздерді орынды қолдана білуге, сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйренеді. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Сондай-ақ сөздердің орын тәртібін сақтап, сөйлем құра білуге мән беріледі.
Барлығы:.мұғалімнің көмегімен тақырып бойынша қосымша ақпарат табады және тақырыпқа қатысты сөздердің мағыналарын түсінеді
Көпшілігі: тақырып бойынша қосымша ақпарат табады, тақырып бойынша сөздерді қолданады.
Кейбірі: жануарлардың мекендері туралы білетін ақпараттарымен бөліседі
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
Үй берілген құмырсқа туралы әңгіменің мазмұнын шеңбер боымен әңгімелетуіңізге болады. Жеке-жеке айттырудың қажеті жоқ, уақытыңызды жоғалтып аласыз. Кезекпен бір сөйлемнен айтса да, оқушының дайындығын тексере аласыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.
Сабақтың тақырыбын суреттер көрсету арқылы болжатуға мүмкін беріңіз. Бұл әдіс оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын да дамытуға ықпал етеді. Жаңа сөзді сөзге түсінік беру арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз. Сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуына тоқталыңыз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз. Жауаптарына қарай кері байланыс беріп отыруды ұмытпаңыз.
Жануарлардың мекендейтін жерлерін атауларымен сәйкестендіреді.
1-2 жұптың жауаптары тыңдалады, қалғандары дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
Бұдан кейін оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырманың нұсқаулығын жақсылап түсіндіріңіз. Оқушылардың айтылым дағдыларын дамытады. Оқушыларға анықтамалықтар, энциклопедиялар, суреттер беріледі. Жануарлардың мекендері және сол жануарлар туралы қосымша ақпарат іздейді. Топ мүшелері бірлесіп, бірнеше сөйлем айту тапсырылады. Осы ресурс көздерімен қалай жұмыс жасау керектігінің үлгісін көрсетіңіз. Оқушыларға көмек ретінде сұрақтар беру.
Дескриптормен алдын-ала таныстырыңыз:
- Тақырып бойынша қосымша ақпарат іздейді.
- Берілген тақырып бойынша 5-6 сөйлем(ақпарат) айтады.
- Сөйлем құрылымын сақтайды.
«Бағытталған оқу» әдісі бойынша қолдауды қажет ететін 3-4 оқушымен топ құрыңыз.
Жұмыстарын орындап болған соң, топтар бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды.
Тақырып бойынша берілген сергіту сәтін екі рет қайталап айтады.
Тақырып бойынша сөздерді қолданып, сөйлем құру болғандықтан, «Мозайка» әдісін қолдануға болады. Ойын шарты бойынша, ойын сүйегін лақтырып, сүйек түскен суретті қатыстырып сөйлем құрастырады. Бірден кері байланыс жасап отырыңыз немесе оқушылар пікірін айтады.
Сабақты бекіту мақсатында «Мұнара тұрғызу» әдісін қолдану. Дәптерге үлгі бойынша сөз, сөз тіркесін, сөйлем жазу. Орындап болған соң, 2-3 оқушының жауаптарын тексеріңіз. Қалғандарының дәптерлерін жинап алып, тексеру жүргізіңіз.
Кері байланыс. Сен бүгінгі сабақта нешінші орындасың?
Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Үйге өздері ұнайтын аңды, жануарды сипаттап айтып беруді тапсырыңыз.
Үй тапсырмасын толық түсінгендері маңызды.
Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз. Рефлексия жасауға «Сен нешінші орындасың?» әдісін қодануыңызға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?