Жануарлардың мекені 9-сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Жанды табиғат»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жануарлардың мекені 9-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

3.​3.​5.​1 сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және

сөйлеу барысында қолдану

Сабақтың мақсаттары

  • Тақырып бойынша қосымша ақпарат іздеу
  • Берілген тақырып бойынша сөздерді қолдану

Барлығы:.мұғалімнің көмегімен тақырып бойынша қосымша ақпарат табады және тақырыпқа қатысты сөздердің мағыналарын түсінеді

Көпшілігі: тақырып бойынша қосымша ақпарат табады, тақырып бойынша сөздерді қолданады.

Кейбірі: жануарлардың мекендері туралы білетін ақпараттарымен бөліседі

Бағалау критерийлері

Тақырып бойынша қосымша қапарат табады.

Тақырып бойынша сөздерді сөйлеуде қолданады.

Тілдік мақсаттар

мекендейді

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңздылығын түсінеді.

Пәнаралық байланыс

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Жәндіктер туралы ақпараттарды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар шеңберге тұрып, үйге берілген құмырсқа туралы мәтінді бір-сөйлемнен айтып, мазмұндайды.

«Болжау» стратегиясы. Жануарлардың мекендері туралы суреттер көрсету арқылы сабақтың мазмұнын болжату

Суреттерге қара. Бұгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсың?

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сабақтың мақсаты:

  • Қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінемін;
  • Тақырып бойынша сөйлемдер құраймын.

Сабақтың ортасы

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді мағыналас сөздер арқылы меңгерту, суретті қолдану

мекен- тұратын жер

мекендейді-тұрады, тіршілік етеді

Сөз тіркестерін және сөйлемдер құрайды.

(Ж) Жануарлардың мекендейтін жерлерін атауларымен сәйкестендіреді.

ШӨЛ

ДАЛА

СУҚОЙМА

ТЕҢІЗ

ОРМАН

ПОЛЯРЛЫҚ АЙМАҚ

ДЖУНГЛИ

САВАННА

1-2 жұптың жауаптары тыңдалады, қалғандары дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

(Т) Айтылым. Оқушыларға анықтамалықтар, энциклопедиялар, суреттер беріледі.

Жануарлардың мекендері және сол жануарлар туралы қосымша ақпарат іздейді. Топ мүшелері бірлесіп, бірнеше сөйлем айту тапсырылады. Оқушыларға көмек ретінде сұрақтар беру:

  • Қайда мекендейді?
  • Немен қоректенеді?
  • Терісі қандай?
  • Денесі қандай?
  • Салмағы қанша?
  • Жауынан қалай қорғанады?

Дескриптор:

  • Тақырып бойынша қосымша ақпарат іздейді.
  • Берілген тақырып бойынша 5-6 сөйлем(ақпарат) айтады.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.

«Бағытталған оқу» әдісі бойынша қолдауды қажет ететін 3-4 оқушымен топ құру,жұмыс жасауға бағыттау.

Сергіту сәті

Ормандағы аю, қонжық, ұялардан бал іздеді.Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға бұрды,Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап көрді.Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.Оңға бір, солға бір, қуанғаннан билей берді

(Ж, Қ) «Мозайка» әдісі

Ойын сүйегін лақтырып, сүйек түскен суретті қатыстырып сөйлем құрастырады.

орман

азық

тоңбайды

ұйықтайды

аңдар

мекендейді

???

қоректенеді

«Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау.

) «Мұнара тұрғызу» әдісі. Дәптерге үлгі бойынша сөз, сөз тіркесін, сөйлем жазу.

мекендейді

орманда мекендейді

Қоян орманда мекендейді.

(Дәптерлерін жинап тексеру, кері байланыс беру)

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы

Бір аңды сипаттап жазып келу.

Рефлексия

Сен бүгін нешінші орындасың?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу