Қызғалдақ №11 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

1-тарау

Жанды табиғат

11-сабақ

Қызғалдақ

Бұл сабақта да оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым дағдысы дамытылады. Тыңдаған мәтінді мазмұндау,яғни айтылым дағдысына мән беріледі. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Грамматикалық минимум ретінде заттардың сынын, қимылын білдіретін сөздер қарастырылады.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін мазмұнын айтады, заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданады

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздердің көмегімен мәтінді мазмұндайды,

Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне қатысты пікірін айтады

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаңыз. «Балмұздақ таяқшалары» тәсілінің тиімділігі: барлық оқушыдан үй тапсырмасын сұрауға уақыт кетірмейсіз, бірнеше оқушыдан сұрап, бағаласаңыз жеткілікті. Ол үшін сыныптағы(өз тобыңыздағы) оқушылардың есімдерін қағаздарға жазып, жеке-жеке қиып алыңыз. Балмұздақ таяқшалары сияқты ұзындау жасаңыз да стаканға салыңыз. Кез келген қағазды алып шығасыз, сол кезде кімнің есімі шығады сол оқушы үй тапсырмасын айтады. Тек қол көтерген оқушылар ғана айтпайды, кез келген оқушы жауап беретіндіктен, оқушылар үй тапсырмасын орындап келуге тырысады. Бұл тәсілді жлпы сабақ барысында қолдануыңызға болады. «Бас бармақ» әдісі немесе пікір айту арқылы сыныптастары бағалалайды.

Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

Жаңа сөзді сурет арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз.

Тыңдалым тапсырмасын топта орындайды. Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздермен таныстырыңыз. Тапсырманы, яғни оқушылардан не күтілетінін түсіндіріңіз. Мәтін мазмұны, кейіпкері бойынша сұрақтардың жауаптарын топта талқылайды. Бір рет тыңдағаннан кейін, 1-2 минут уақыт беріңіз. Содан кейін екінші рет оқыңыз. Тапсырманы топтар орындап болған соң, тақтадан дұрыс нұсқаны көрсетіңіз. Топтар жұмыстарымен ауысып, бір-бірін пайыздық көрсеткіш арқылы бағалайды. Бұдан кейін келесі тапсырманы жұпта орындайды. Ертегідегі оқиғаның ретін нөмірлейді. Дұрыс жауапты тақтадан көрсетіңіз, жұптар өз-өздерін «Бағдаршам» әдісімен бағалайды. Өзіңіз де кері байланыс беріп отыруды ұмытпаңыз. Қысқа комментарий айту арқылы, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалап отырыңыз. Келесі тапсырмада айтылым дағдысы тексеріледі. Топта отырған оқушылар шеңбер бойымен мәтін мазмұнын бір сөйлемнен айтып шығады. Топтар жауаптарын комментарий айту арқылы бағалайды.

Жазылым тапсырмасын оқушылар өздігінен орындайды. Қызғалдақты суреті бойынша және тірек сөздердің көмегімен сипаттайды. Қажеттілікке қарай, «Бағытталған жазу» әдісін қолданыңыз. Қолдауды қажет ететін 3-4 оқушыдан топ құрып, басшылық етіңіз. Сұрақтар қоя отырып, өздері жазуға талпындырыңыз. Қалған оқушылар өз беттерінше орындайды. 2-3 оқушының жауаптарын тыңдап, кері байланыс беріңіз.Сабақ соңында оқушылардың дәптерлерін жинап алып, кері байланыс беріңіз.

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Келесі сабақ нәтиже сабақ болғандықтан, бөлім бойынша сөздерді қайталап келуді тапсырыңыз.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу