Қызғалдақ №11 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қызғалдақ №11 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттар ды түсіну

3.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау

2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау

3.​2.​4.​1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
  • Тыңдаған мәтінді мазмұндау
  • Заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолдану

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін мазмұнын айтады, заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданады

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздердің көмегімен мәтінді мазмұндайды,

Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіндегі кейіпкерлердің әрекетіне қатысты пікірін айтады

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Мәтіннің мазмұнын айтамын.

Заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолдану

Лексикалық минимум

Қызғалдақ, өс

Грамматикалық минимум

Заттың сынын, қимылын білдіретін сөздер

Құндылықтарды дарыту

Табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді. Өсімдіктердің ауаны тазалауда пайдасын түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Балықтар

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй тапсырмасын сұрау

Балық туралы қосымша ақпарат айту

Мәтін бойынша кесте толтыру

«Бас бармақ» әдісі бойынша немесе пікір айту арқылы бағалау

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.

Мәтіннің мазмұнын айтамын.

Заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді дұрыс қолданамын.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.

«қызғалдақ, өс» сөздерін сурет, қимыл арқылы меңгереді

Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру

(МК)Тыңдалым

Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздермен таныстыру.

Дән, қызғылт

(Ө) Мәтінді 2 рет тыңдайды.

Қызғалдақ Ертеде қызғылт қызғалдақ өмір сүріпті. Ол кең далада жалғыз өзі тұрыпты. Оның достары жоқ екен. Бір күні жаңбыр жауады. Қызғалдақ су болады. Сәлден соң күн шығады. Қызғалдақ қуанып, билейді. Сол кезде оның дәндері жерге түседі. Қызғалдақ оны білмейді. Келесі жылы сол жерге гүлдер өсіп шығады. Олардың түстері қызыл және қызғылт. Қызғалдақ оларды көріп, қуанады. Енді оның қызғылт достары көп. Қандай тамаша! М. Жоламанқызы

(Т) Мәтін бойынша сұрақтарға топ болып жауап іздейді.

  • Мәтін не туралы?
  • Мәтіннің жанры қандай?
  • Ертегінің басты кейіпкерін ата.
  • Ол кіммен бірге тұрыпты?
  • Қызғалдақ неліктен су болды?
  • Қызғалдақтың дәндері қалай жерге түседі?
  • Келесі жылы сол жерде не өсті?
  • Қызғалдақ не үшін қуанды?

Топтар жауап жазған соң, басқа топтармен жұмыстарын ауысады. Бір-бірінің жауаптарын тексеріп, сынып болып талқылайды. «Пайыздық көрсеткіш» әдісімен бағалайды.

) Ертегідегі оқиғалардың ретін анықтайды.

Сөйлемдер

Оқиға реті

(1,2,3 ...)

Қызғалдақ су болды.

Көп қызғалдақ өсті.

Ертеде қызғалдақ жалғыз тұрыпты.

Қызғалдақ билейді.

Бір күні жаңбыр жауды.

Қызғалдақтың дәндері жерге түседі.

Қызғалдақтың достары көп болды.

Орындап болған соң, тақтадан дұрыс жауапты көрсету. Жұптар өз жұмыстарын тексеріп, «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.

(Т) Топта бірлесіп, тыңдаған мәтіннің мазмұнын шеңбер бойымен айтады. Тірек сөздер беріледі.

Тірек сөздер:

Қызғалдақ, жалғыз тұрыпты, жаңбыр жауды, су болады, қуанады, билейді, дәндері жерге түседі, достары көп болу

Топтар бір-бірін қысқа комментарий айту арқылы бағалайды.

(Ө) Қызғалдақты сипаттап жазады.

Тірек сөздер: сабағы, тамыры, гүлі, түсі, өседі, биіктігі

Дескриптор:

  • Сипаттау мәтінін жазады(4-5 сөйлем)
  • Зттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді дұрыс қолданады.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Бөлім бойынша сөздерді қайталау

Рефлексия

Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйіңді қай ағашқа теңейсің? Неліктен?

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу