Балықтар №10 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Балықтар №10 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.​4.​3.​1 өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
  • Тақырып бойынша диалогқа қатысу
  • Сөйлем соңына тыныс белгілерді қою

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша диалогқа қатысады, сөйлем соңына тыныс белгілерді қояды

Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтып береді, диалогқа еркін қатысады, сөйлем түрлерін ажыратады

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша диалогқа қатысады.

Сөйлем соңына тыныс белгілерді дұрыс қояды.

Лексикалық минимум

балық

Грамматикалық минимум

Тыныс белгілер

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінеді. Жанды табиғаттың адам үшін пайдасын біледі.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

https://imektep.kz/kz/balyktar

Бастапқы білім

Жануарлардың мекені

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Балмұздақ таяқшалары» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау(өзіне ұнайтын жабайы жануарды сипаттап жазу). Дескриптор бойынша бағалау.

Дескриптор:

  • Сипаттау мәтінін жазады.
  • Сөйлемдерді дұрыс құрайды.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінемін.
  • Тақырып бойынша диалогқа қатысамын.
  • Сөйлем соңына тыныс белгісін дұрыс қоямын.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.

«балық» сөзін сурет арқылы меңгереді.

Балықтың басы, балықтың желбезегі, балықтың құйрығы, балықтың жүзбе қанаттары

Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру

(МК, Ұ) Таныстырылым арқылы балық туралы қысқаша ақпарат беру (сайттан бейнематериал көрсету).

Балықтың басы сүйір, денесі жалпақ болады. Ол жүзу үшін өте ыңғайлы. Балықтың денесінде қабыршақтар болады. Жүзбе қанаттары жүзуге көмектеседі. Балықтар желбезектері арқылы тыныс алады.

Сендер қандай балық түрлерін білесіңдер?(оқушыларға сұрақ қою)

Балық түрлерімен таныстыру

Шортан алабұға сазан

(Т) Балық туралы ақпараттарды түсінгендіктерін тексеру үшін «Иә, «Жоқ» ойынын ойнату.

«ИӘ» және «ЖОҚ» сөздері жазылған екі қағаз қарама-қарсы қойылған екі орындыққа қойылады. Оқушыларды екі топқа бөлу. Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша дұрыс және бұрыс ақпарат айтылады. Мұғалім бір сөйлемді оқыған кезде, екі топтан бір-бір оқушы ортадағы орындықтың біреуіне жылдам отыруы керек. Дұрыс жауапқа сәйкес орындыққа көбірек отырған топ жеңіске жетеді.

  • Балық жерде жүреді.
  • Балықтың жүзбе қанаттары бар.
  • Балық денесі жалпақ болады.
  • Балықтың денесінде қабыршақтар болмайды.
  • Балықтың басы домалақ.
  • Балықтың түрі көп.
  • Балық сусыз өмір сүре алмайды.
  • Балықтар ұшады.

(Ө) Тыңдалым. Мәтінді екі рет тыңдайды.

Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздермен таныстыру

Бекіре-балықтың бір түрі. Оның тұрақты мекені жоқ. Ол өзенде, теңізде мекендейді. Теңізде оған тамақ көп.

Бекіре балығының еті дәмді және жұмсақ болады. Оны қара уылдырығы өте қымбат. Ол денсаулыққа өте пайдалы.

Бекіре – үлкен балық. Ұзындығы 3 метрден асады, салмағы екі жүз килограммға дейін болады.

Сұрақтарға жауап береді (бір-екі сөзбен жауап беруге болады).

  • Бекіре деген не?

________________________________________

  • Ол қайда мекендейді?

________________________________________

  • Бекіренің еті қандай болады?

________________________________________

  • Қара уылдырық не үшін пайдалы?

_________________________________________

  • Бекіренің көлемі қандай?

_________________________________________

  • Ұзындығы қанша метр?

_________________________________________

  • Салмағы қанша кг-ға жетеді?

_________________________________________

Дұрыс жауапты тақтадан көрсету. Оқушылар өз жұмыстарын өздері бағалайды.

“Пайыздық көрсеткіш”(өзіңді бағала)

  • 100% 75% 50% 25%

(Ж) Тілдесім. Тыңдалым материалдары негізінде білген ақпараттарды қолданып, диалогқа қатысады.

Тірек сөздер:

Балықтың түрі, мекені, пайдасы, денесі, салмағы

Қалаулары бойынша 2-3 жұп ортаға шығып, тақырып бойынша сөйлеседі.Қалған оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жауаптарын бағалайды.

Кері байланыс. Бағдаршам әдісі

(Ө) Жазылым. Сөйлемдердің соңына тыныс белгілерді қойып жазады.

  • Балықтың түрі көп
  • Балық қайда мекендейді
  • Қандай әдемі балық
  • Балық немен қоректенеді
  • Балықтың еті өте дәмді

Орындап болған соң, топқа бірігіп, топта талқылайды. Топ ішінде ең жақсы орындаған оқушыларды анықтайды.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Балықтар туралы қосымша ақпарат айту.

Тыңдаған мәтін бойынша кестені толтыру.Әр бағанға 2 сөзден жазу.

Не?

Қандай?

Қайда?

Қашан?

Не істейді?

Рефлексия

Бүгінгі сабақта не үйрендің?

Қандай қызықты ақпарат білдің?

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу