Табиғатты қорғау.Нәтиже сабақ №12 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
1-тарау: Жанды табиғат
Табиғатты қорғау №12 сабақ
№1 Сұрақтарға жауап беріңдер.
- Табиғатқа не жатады?
- Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?
№2 (Ж) Оқылым. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Дескриптор:
- Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Сұраққа толық жауап жазады.
«Табиғат – ана»
Табиғат - ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат – ана бір күні ұлдарын шақырып алып:
- Адамдарға көп жақсылық жасаған ұлыма үлкен сыйлығым бар,-дейді. Содан бастап ұлдары адамдарға жақсылық жасайды. Бір күні ұлдары еліне оралады. Аналары өте әдемі болып кетіпті. Ұлдары қуанып:
- Апатай, Сіз қандай әдемісіз! Неліктен?- деп сұрайды.
Сонда Табиғат-ана:
-Балаларым, сендер адамдарға көп жақсылық жасадыңдар, сондықтан әдемімін,-дейді Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш аналары әдемі болу үшін адамдарға жақсылық жасайды екен.
А. Мырзағұлова
Сұрақтарға жауап бер:
- Табиғат-ана неліктен әдемі болды?
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
- Табиғат бізге не береді?
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
- Сендер Табиғат-ана әдемі болу үшін не істейсіңдер?
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
№3 (Ө) Жазылым. Сурет бойынша әңгіме жаз.
Дескриптор:
- Сурет бойынша әңгіме құрайды.
- Тірек сөздерді орынды қолданады.
- Сөйлем құрылымын сақтайды.
Тірек сөздер:
Балалар, құстың балапаны, ұя, құлап қалу, ұяға салу, жақсылық жасау, риза болу
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№5 Үй тапсырмасы:
«Жануарлар әлемі» тақырыбына қатысты кітаптардан, ғаламтордан ақпарат жинап, жоба дайындайды. Жобада:
-жануарлардың суреттері;
- жануарлардың тіршілік ортасы;
- жануарлардың қорегі;
Дескриптор:
- Тақырып бойынша жоба дайындайды.
- Жобаның мазмұны қызықты.
- Сөйлемдердің интонациясын дұрыс айтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?