Табиғатты қорғау.Нәтиже сабақ №12 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғатты қорғау.Нәтиже сабақ №12 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.​1.​2.​1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
  • Тақырып бойынша сөздерді қолдану
  • Тірек сөздерді қолданып мәтін құрастыру

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздердің мағынасын түсінеді, тақырып бойынша сөйлемдер құрайды

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырады,тақырып бойынша сөздерді қолданады

Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді, құрылымын сақтай отырып, мәтін құрастырады, тақырып бойынша сөздерді еркін қолданады

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрастырады.

Тақырып бойынша сөздерді қолданады.

Лексикалық минимум

Табиғат, қорғау, қамқорлық

Грамматикалық минимум

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, мәтін құрылымы

Құндылықтарды дарыту

Табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді. Өзінің де табиғатты қорғаудағы үлес қоса алатынын түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Қызғалдақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

(Ж) «Сөздермен теннис ойнау» ойыны

Жануарлар туралы айтылған сөзді толықтырып отырады, соңында құрылған сөйлемді дәптерге жазады.

Үлгі:

Түлкі

Қу түлкі

Қызылсары қу түлкі

Қызылсары қу түлкі келді

Қызылсары қу түлкі өзенге келді.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.

Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрастырамын.

Тақырып бойынша сөздерді қолданамын.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

Сөздік жұмысы

Анықтама беру арқылы түсіндіру

Қорғау- табиғатқа көмектесу, зиян жасамау

Қамқорлық -ағаштар отырғызу, су құю, құстарға ұя жасау, жануарларға жем, шөп беру, аңдарды атпау

(Т) «Ортақ пікірге келу» әдісі

Оқушылар 4-5 оқушыдан топта жұмыс істейді. Әрбір топқа ортасына шеңбер салынған үлкен парақ беріледі. Оқушыларға сұрақтар төмендегі сұрақтар беріледі:

  • Табиғатқа не жатады?
  • Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?

Әрбір оқушы өз идеясын ешкімге көрсетпей, қағаздың бұрышына жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, топ жазған барлық идеялардың ішінен бес ең маңызды идеяны таңдайды. Бұл бүкіл топпен келісіп шешіліп, шеңбердің ортасына жазады.

Оқушылар жауап беруде қиналып жатқан жағдайда суреттер ұсыну.

(Ж) Оқылым.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
  • Сұраққа толық жауап жазады.

«Табиғат – ана»

    Табиғат - ананың  Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат – ана бір күні ұлдарын шақырып алып:

   - Адамдарға көп жақсылық жасаған ұлыма үлкен сыйлығым бар,-дейді. Содан бастап ұлдары адамдарға жақсылық жасайды. Бір күні ұлдары еліне оралады. Аналары өте әдемі болып кетіпті. Ұлдары қуанып:

   - Апатай, Сіз қандай әдемісіз! Неліктен?- деп сұрайды.

Сонда Табиғат-ана:

-Балаларым, сендер адамдарға көп жақсылық жасадыңдар, сондықтан әдемімін,-дейді Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш аналары әдемі болу үшін адамдарға жақсылық жасайды екен.

А. Мырзағұлова

Сұрақтарға жауап бер:

  • Табиғат-ана неліктен әдемі болды?

----------------------------------------------------------

  • Табиғат бізге не береді?

----------------------------------------------------------

  • Сендер Табиғат-ана әдемі болу үшін не істейсіңдер?

---------------------------------------------------------

Жұптардың жауаптары тыңдалады және дескриптор бойынша бағаланады.

(Ө) Жазылым. Сурет бойынша әңгіме жазады.

Дескриптор:

  • Сурет бойынша әңгіме құрайды.
  • Тірек сөздерді орынды қолданады.
  • Сөйлем құрылымын сақтайды.

Тірек сөздер:

Балалар, құстың балапаны, ұя, құлап қалу, ұяға салу, жақсылық жасау, риза болу

Сабақты бекіту

 Адам барлық керегін табиғаттан алады. Адам-табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан табиғатқа қамқорлық жасау - біздің міндетіміз.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

«Жануарлар әлемі» тақырыбына қатысты кітаптардан, ғаламтордан ақпарат жинап, жоба дайындайды. Жобада:

-жануарлардың суреттері;

  • жануарлардың тіршілік ортасы;
  • жануарлардың қорегі;

Дескриптор:

  • Тақырып бойынша жоба дайындайды.
  • Жобаның мазмұны қызықты.
  • Сөйлемдердің интонациясын дұрыс айтады.

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Бір-бірін бағалайды. Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма-стикеріне, жақсы әсер алса «Бәйтерек» ағашына жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса «Тікенек» ағашына төртбұрыш-стикеріне жазып, кері байланыс қалдырады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу