Саяхат Демалыс туралы әңгімені жазу (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5

Күні: 26.01.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Саяхат

Демалыс туралы әңгімені жазу (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

А1 Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.

Ж2 Сипаттау сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • Мұғалімнің көмегімен өз ойын жеткізіп, қарапайым жай сөйлемдерді жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып, жеткізіп, сипаттау сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады.

Кейбір оқушылар:

  • Бейнелі сөздермен жүйелі сөйлейді, сипаттау сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді байланыстырып жазады.

Жетістік критерийлері

сипаттау сөздерді/сөз тіркестерін пайдалана отырып, жай сөйлемдер құрап жаза алады.

 Сөздік қор

біріншіден, алдымен, содан соң, сосын, келесі, соңында, көңілді, қуанышты, жақсы демалыс, қызықты.

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Демалыс күндері не істейтіні туралы 2-3 сөйлеммен жаза алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

"Кім көп біледі?" ойыны. 3 оқушыдан шығып, берілген сурет бойынша сөйлемдер айтып жарысады.

Сабақ ортасы

10 мин

2 мин

15 мин

3 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

) "Шеңбер бойымен әңгімелеу". Мұғалім демалыс туралы алғашқы сөйлемді айтып, "сосын/содан соң..." деп тоқтайды, оқушылар жалғастырып әкетеді. Осылайша жүйелі бір мәтін айтып шығады.

Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталау.

(Ө,Қ) "Мен білемін!" Әңгіменің ретін білдіретін сөздерді (алдымен, біріншіден, содан соң, сосын, соңында) қолданып, демалыс туралы әңгімені жазу.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар демалыс туралы әңгімені реттілікті білдіретін сөздерді қолданып жазады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар реттілікті білдіретін сөздермен қатар тақырыпқа қатысты суреттерге және тірек сөздерге сүйеніп жазады.

1) .....................................................................................................

Алдымен ................................

Содан соң .............................

Сосын .....................................

Соңында ..................................

.............................................................................................................

2) ......................................................................................................

Алдымен ............................

Содан соң ..............................

Сосын ..........................................

Соңында .................................

............................................................................................................

Тірек сөздер: табиғат аясында, қызықты, көңілді, демалдық.

(Ұ) «Кері байланыс парағы». Сабақта орындаған тапсырмалар бойынша өз пікірімен бөліседі.

  • Ең жеңіл болған тапсырма -
  • Ең қызықты болған тапсырма -
  • Қиын болған тапсырма -

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың соңы

3 мин

(МК) "Пайыздық көрсеткіш" арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

25% 50% 100%

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу