Демалыс туралы әңгіме жазу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, презентация.
Саяхат
Демалыс туралы әңгіме жазу
Сабақтың мақсаты:
Оқиға реттілігін сақтап, әңгіме жаза аламын және айта аламын. Жазуда нүктені, үтірді қолданамын.
Жетістік критерийі:
Әңгімедегі оқиғаның ретін біледі;
Тірек сөздерді орынды қолданады.
Әңгіме реттілігін білдіретін көмекші сөздер:
Бір күні ...........................
Сосын ............................
Содан соң .........................
Сөйтіп ............................
Соңында (аяғында) …..............
Үтірді қолдану
Маған ұнайтын спорт түрлері - футбол, теннис және жүзу.
Мен үйге келдім, шомылдым және ұйықтауға жаттым.
Бірлескен жазу
Бір күні досым екеуіміз теңіз жағалауына бардық. Мен итімді ертіп алдым. Біз суға түстік, күнге қыздырындық және ойнадық.
Бір кезде итім үре бастады. Басында біз түсінбедік. Сөйтсек жағалауда жылан жүр екен. Сосын біз үлкендерге айттық. Үлкендер жыланды алып кетті.
Соңында бәрі итке риза болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?