Демалыс күні туралы әңгімені жазу №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім «Cаяхат»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Демалыс күні туралы әңгімені жазу №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

2.5.1.6 мұғалім көмегімен айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажырату

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Мұғалім көмегімен айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратады.

Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Мұғалім көмегімен айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратады.

Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратады.

Бағалау критерийлері

Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Мұғалім көмегімен айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратады.

Tілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

қолшатыр, сланцы, шырын, су, фотоаппарат, балмұздақ, қалпақ, сөмке, кітап, құлаққап.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, біздің ойымызша

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаға қамқоршы, аялаушы болуға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

Әңгіме жазу үшін идеялар жинау№1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту.

(Ұ) https://www.youtube.com/watch?v=bi5sl1Y_2YU

3D звук. Море, плеск волн(Слушать в наушниках)

Оқушылар судың дыбысын тыңдайды.

-Бұл ненің дыбысы?

-Судың.

Одан кейін оқушыларға көлдің суретін көрсету.

-Ненің суретін көріп тұрмыз?

-Қалай ойлайсыздар, көлде не істеуге болады?

-Бұл көлдің суреті біздің сабағымызға қандай қатысы бар?

Оқушылар тақырыпты анықтайды.

Сабақтың тақырыбы: Әңгіме жазу үшін идеялар жинау№2

Сабақтың мақсаты:

  • сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
  • Мұғалім көмегімен айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, ) ажыратады.

Сабақтың ортасы

5 минут

7 минут

3 минут (дайындыққа)

7 минут

5 минут

3 минут

(Ұ) Оқушылар шеңберге тұрады.

Көлде демалу үшін сөмкеңе не салар едің?

«Мен сөмкемді жинап, оның ішіне ... салдым» ойынын ойнайды.

Бірінші оқушы бір затты атайды, екіншісі екі зат қосады, әрбір келесі оқушы тізімді есте сақтап қалуға тырысады. Егер оқушы есте сақтап айта алмаса, ойыннан шығады.

Оқушылар бірін-бірі шапалақ арқылы бағалайды.

(Ұ) Көлде демалғанда тағы да мынандай заттар қажет болар: (оқушылар тақтадан сөздер мен суреттерді қарап айтады. Содан кейін бір- бір суреттен алып тастайды, бірақ оқушылар ретін сақтап айтады.

қолшатыр, сланцы, шырын, су, фотоаппарат, балмұздақ, қалпақ, сөмке, кітап, құлаққап.

(Ж) Жұптық жұмыс. Қолшатыр, шырын, фотоаппарат, балмұздақ, құлаққап.

Әр жұпқа бір суреттен беру. Сол суретке диалог құрады.

Жұптар бірін- бірі бағалайды.

Сабақты қорыту. Мақсатқа кері қайту.

Үйге тапсырма: «Менің демалыс күнім» тақырыбына постер дайындау.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үтірлерді дұрыс қолдана алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалімнің көмегімен сүйене отырып, жай сөйлемдерді жаза алады.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үтірлерді дұрыс қолдана алады.

Оқушылар бірін-бірі шапалақ арқылы бағалайды.

Жұптар бірін- бірі бағалайды.

Оқушыларды мұқият тыңдап, әділетті бағалау. Диалог кезінде этикет формаларын сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу