Демалыс күндері туралы оқу №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім «Cаяхат»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Демалыс күндері туралы оқу №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді

Бағалау критерийлері

Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Tілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Саяхат, билет, қауіпсіздік, карта, күнделік, мұражай, мұз айдыны, көрме, аялдама, сауда үйі, орналасу, алдында, жанында, ортасында, ішінде.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, біздің ойымызша

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаға қамқоршы, аялаушы болуға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

«Қоршаған орта» бөлімін қайталау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту.

(Ұ) Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

Саяхат дегеніміз не? Саяхатта адамдар не істейді? Саяхат жасау үшін қайда барады?

Оқушылардың сұраққа жауаптарын тыңдау.

Сабақтың тақырыбы: Демалыс күндері туралы оқу №1

Сабақтың мақсаты:

  • Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Сабақтың ортасы

(Ұ) Оқушылар саяхат, билет, қауіпсіздік, карта, күнделік деген сөздермен сөйлем құрай алу керек. Кімде кім оқылған сөзге сөйлем құрай алса, карточкаларын сақтап қала алады. Карточканы көп жинаған ойыншы жеңеді.

(Ұ) Сөздік жұмысын жүргізу.

мұражай, мұз айдыны, көрме, аялдама, сауда үйі, орналасу, алдында, жанында, ортасында, ішінде.

(Ж) Оқулықтағы суретпен жұмыс. (60 бет.)

Ойымызбен бөлісейік.

Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер.

  • Қандай ғимараттар бар?
  • Бұл ғимараттар не үшін қажет?
  • Алдында, жанында, ортасында, ішінде көмекші сөздерін пайдаланып, ғимараттардың орналасуын айтып көр.

Презентациядағы сурет бойынша ауызша сөйлем құрастыру.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

(Ұ) Мәтінді мұқият оқу.

Театр

Театр – ғажап орын. Театрға адамдар көп барады.

Олар әдемі киім киеді. Өз орындарына отырады. Сахнада әртістер ойнайды. Көрермендер қойылым барысында бір-бірімен сөйлеспейді. Театрда қызық пьесалар қойылады.

(Ө) Әр оқушы жеке бір сұрақ құрастырады. Құрастырған сұрақтар топ арасында талқыланады.

Ең үздік сұрақтарды сынып оқушыларына қояды.

Сабақты қорыту.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ауа райын сипаттау мәтінін жазады.

қабылдау деңгейі орташа оқушылар ауа райы туралы бір-екі жай сөйлем жазады.

Үйге тапсырма: Алдында, жанында, ортасында, ішінде көмекші сөздермен сөйлем құрастыру.

Сабақтың соңы

5 минут

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ауа райын сипаттау мәтінін жазады.

Мұғалімнің бақылауы, комментарийі

Ұжымдық, жұптық, өздік жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдау, әділ бағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу