Демалыс күндері туралы оқу (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Саяхат

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Демалыс күндері туралы оқу (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін мұғалімнің қолдауымен қолданады.

Көптеген оқушылар: іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін қолданады.

Кейбір оқушылар: іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Іс-әрекетке түсініктеме беруде сөздер мен сөз орамдарын орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Демалыс, демалу, серуендеу, бару, көру

Құндылықтарды дарыту

Құрмет

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Кез келген мезгілдің бір күндік ауа райын және қандай киім кию керектігін айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Диктор уақыты». Оқушылар берілген шаблонға сүйеніп, күнмен, ауа райымен таныстырады.

  • бүгін нешесі?
  • бүгін қай күн? (дүйсенбі, т.б.)
  • ауа райы қандай?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

3 мин

10 мин

(Т) Миға шабуыл. Оқушылар «Демалыс» сөзіне қатысты білетіндерін ортаға салады. Оқушыларды бағыттап отыру үшін жетекші сұрақтар қойылады.

  • Демалысқа немен баруға болады?
  • Демалыс күндері не істейміз?
  • Демалыста қайда баруға болады?

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, тақырыпқа қажетті «бастау нүктесін» табу

(Ж) «Сызбаны сөйлет». Оқушылар берілген шағын мәтінді оқып, таныс емес сөздердің астын сызады. Содан соң жұпта сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың оқылым дағдысын дамыту.

Айнұр жазғы демалысқа шықты. Ол отбасымен Астанаға барды. Астанада олар серуендеді, әдемі ғимараттарды көрді. Содан соң Айнұр ауылға барды. Ауылда Айнұрдың атасы мен әжесі тұрады. Айнұр әжесіне көмектесті, күшігімен ойнады.

Айнұр демалыста қайда барды?

Астанада ол не істеді?

Ауылда кімдер тұрады?

Ауылда Айнұр не істеді?

Кері байланыс. «Полюстер» арқылы жұмысына кері байланыс жасайды.

  • мен мәтінді түсіндім.

) «Сызбаны сөйлет» Оқушылар берілген сызба бойынша сөйлемдер жазады. Өз сөйлемдерімен толықтырады.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың жазылым дағдысын дамыту, барыс септіктегі сөздің қолданылуын меңгерту.

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • тиісті қосымшаны жалғайды;
  • сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
  • әдемі және қатесіз жазады.

Сабақтың соңы

7 мин

Рефлексия. «Балдық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу