Демалыс күндері туралы оқу (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Саяхат

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Демалыс күндері туралы оқу (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың / сөйлемдердің мағынасын түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын мұғалімнің қолдауымен түсінеді.

Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын толықтай түсінеді.

Бағалау критерийлері

Шағын мәтіндегі қарапайым сөйлемдерді түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Демалыс, демалу, бос уақыт, саяхат, жағажай, қажетті заттар, жинау, алу, теңіз жағасы, күнге күю, шомылу, құм

Құндылықтарды дарыту

Құрмет

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Демалыс туралы сөйлемдер айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Диктор уақыты». Оқушылар берілген шаблонға сүйеніп, күнмен, ауа райымен таныстырады.

  • бүгін нешесі?
  • бүгін қай күн? (дүйсенбі, т.б.)
  • ауа райы қандай?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

3 мин

10 мин

(Ұ) «Сөз сыры». Оқушылар берілген сөздерді оқып, мәтін мазмұнын болжайды, жаңа сөздердің мағынасын ашады.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.

  • жазғы демалыс
  • жағажай
  • қажетті заттар
  • құм
  • шомылу
  • күнге күю
  • бір апта
  • қызықты

(Ж) «Оқы, біл». Оқушылар берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, жұпта бір-біріне мазмұндайды.

Жаз келді. Аружан жазғы демалысқа шықты. Ол отбасымен теңіз жағасына барды. Ол керекті заттар – жүзу киімін, сүлгі, шелек, күрек, доп алды. Аружан інісімен жағажайда доп ойнады, күнге күйді, теңізде шомылды. Содан соң құмнан әдемі үй жасады. Олар теңіз жағасында бір апта демалды. Демалыс өте қызықты болды.

Аружан қайда демалды?

Аружан қандай қажетті заттар алды?

Аружан інісімен жағадайда не істеді?

Демалыс қалай өтті?

Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың оқылым, айтылым дағдысын дамыту.

Кері байланыс. «Полюстер» арқылы жұмысына кері байланыс жасайды.

  • мен мәтінді түсіндім.

) «Дұрыс/бұрыс» Оқушылар мәтін бойынша 2 дұрыс және 2 бұрыс сөйлем құрастырады. Сөйлемдерін бір-біріне оқып, дұрыс/бұрыстығын анықтайды. Ойларын дәлелдейді.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, мәтін мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтау.

Дескриптор:

  • дұрыс сөйлемді анықтайды;
  • бұрыс сөйлемді анықтайды;
  • өз ойын дәлелдейді.

Сабақтың соңы

7 мин

Рефлексия. «Балдық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу