Демалыс күндер туралы әңгіме жазу үшін идеялар жинау (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Саяхат

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Демалыс күндер туралы әңгіме жазу үшін идеялар жинау (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1 тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото / сюжетті суреттер / сызбалар таңдау / сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Демалыс, демалу, табиғат аясында, хош иісті гүлдер, таза ауа, серуендеу, теру

Құндылықтарды дарыту

Құрмет

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Табиғат аясындағы демалыс туралы әңгімелей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Диктор уақыты». Оқушылар берілген шаблонға сүйеніп, күнмен, ауа райымен таныстырады.

  • бүгін нешесі?
  • бүгін қай күн? (дүйсенбі, т.б.)
  • ауа райы қандай?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

8 мин

7 мин

3 мин

15 мин

(Ж) «Бос микрофон» Оқушылар жұпта демалыс туралы сөйлемдер / шағын әңгіме айтады.

  • теңіз жағасындағы демалыс
  • табиғат аясындағы демалыс

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын, септік жалғауларын ажырата алу дағдысын жетілдіру.

(Ө) «Тыңда, біл». Оқушылар шағын мәтінді тыңдап, кестені толтырады. Кестедегі ақпараттармен жұпта бөлісіп, ақпаратқа сүйеніп бір-біріне мазмұндайды.

Мен демалыс күні табиғат аясында демалдым. Айнала сондай әдемі! Айналада хош иісті гүлдер, жасыл ағаштар өсіп тұр, әр түрлі құстар ән салып, әдемі көбелектер ұшып жүр. Мен демалысқа қажетті барлық заттарды алдым. Ауа сондай таза! Мен серуендедім, хош иісті гүлдер тердім. Маған табиғат аясында демалған ұнайды.

Ол қайда демалды?

Айналада не бар?

Ол не істеді?

Оған қайда демалған ұнайды?

Кері байланыс. «Полюстер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

  • мен мәтінді түсіндім.

(Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар тыңдаған мәтін негізінде тапсырмалар орындайды. Тапсырмалар қиындық деңгейіне байланысты ажыратылған. Қай деңгейді таңдайтынын оқушының өзі шешеді.

ІІІ деңгей. Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Ол.......................... демалды.

Айналада .............. гүлдер, ..................ағаштар өсіп тұр.

Құстар ......................, әдемі ..................... ұшып жүр.

Ол табиғат аясында ...........................

ІІ деңгей. Сұрақтарға жауап жаз.

  • Ол қайда демалды?
  • Ол табиғатты қалай сипаттайды?
  • Табиғат аясында ол не істеді?
  • Оған қайда демалған ұнайды?

І деңгей. Тірек сөздерге сүйеніп, мәтін мазмұнын жаз.

Тірек сөздер:

  • демалыс күні
  • айнала
  • хош иісті гүлдер
  • ән салады
  • ұшады
  • қажетті заттар
  • гүл теру
  • ұнайды

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады;
  • қатесіз, әдемі жазады.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия. «Балдық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу