Табиғат және қоршаған орта Ауа райы. (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7

Күні: 08.04.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғат және қоршаған орта

Ауа райы. (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

А 3 Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.

О 1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Таныс сөздерден құралған қарапайым кейбір сөздердің мағынасын түсінеді. Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтап, сурет көмегімен көрсетеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.

Кейбір оқушылар:

Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен еркін көрсетеді.

Жетістік критерийлері

Мәтіндегі тірек сөздер мен сөз орамдарын түсінгендігін қимыл/сурет арқылы көрсете алады.

 Сөздік қор

Жауын-шашынды, жаңбырлы, күн ашық, желді, қарлы, шуақты, қар жауады, бұлтты, найзағай жарқырайды, таңертең, күндіз, кешке, түнде, ауа райы.

 Құндылықтарды дарыту

Функционалдық сауаттылық

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Жыл мезгілдері туралы айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту.

(Ұ) «Диктор уақыты» ойыны

Бір оқушы бүгінгі күн, апта, ауа райы болжамымен таныстырады.

Сабақ ортасы

10 мин

10 мин

2 мин

8 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

) «Жұбыңды тап!» ойыны.

Оқушыларға суреттер мен сөздер беріледі. Оқушылар суретке қарай отырып өз жұптарын дұрыс тауып, таныстыра алу керек. Егер жұбын дұрыс таппаса, қабылдау деңгейі жоғары оқушы көмектеседі немесе мұғалім өзі бағыттайды. Осылайша сурет пен сөздерді сәйкестендіру арқылы оқушылар тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысады.

Жауын-шашынды, жаңбырлы

Күн ашық/ шуақты

Желді/ жел соғады

Қар жауады/ қарлы

Бұлтты

Найзағай жарқырайды

(Ж) «Рөлдік ойын»

Оқушылар жұптасып ауа райын болжаушы болып, Көкшетау қаласының бір күндік ауа райының болжамын сурет арқылы көрсетеді. Жасаған жұмыстарын сынып алдында қорғайды.

Қала:

Жыл мезгілі:

Күні:

Таңертең

Күндіз

Кешке

Түнде

Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді.

, Қ) "Мен білемін!" Мәтінді оқып, сөйлем мағынасына сәйкес келетін сурет салады.

Бүгін Көкшетау қаласында таңертең күн бұлтты болды . Түсте күн ашық және аздаған жел болды . Кешке және түнде жаңбыр жауып ,найзағай жарқырады . .

https://www.youtube.com/watch?v=sPX27NNVWCY

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс. «Алақан»

Өз қолының суретін салып, сабақта білгені туралы әр саусаққа жазады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Тапсырма бойынша берілген сұрақтарды толықтай орындап, жауаптары толық сөйлемдермен береді.

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу