Табиғат және қоршаған орта Ауа райы. (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7

Күні: 11.04.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғат және қоршаған орта

Ауа райы. (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О 1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.

А1 Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Таныс сөздерден құралған қарапайым кейбір сөздердің мағынасын түсінеді. Өз ойларын қарапайым бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.

Кейбір оқушылар:

Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып еркін, жүйелі жеткізеді.

Жетістік критерийлері

Әңгімелеу барысында өз ойын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізе алады.

 Сөздік қор

Бұзылды, өзгерді, жылы, жеңіл көйлек, киінді.

 Құндылықтарды дарыту

Функционалдық сауаттылық

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Жыл мезгілдері туралы айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту.

(Ұ) «Диктор уақыты» ойыны

Бір оқушы бүгінгі күн, апта, ауа райы болжамымен таныстырады.

Сабақ ортасы

5 мин

10 мин

2мин

7 мин

7 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

) «Мен білемін!»

Оқушылар жұпта берілген сюжетті суреттердің реттілігін анықтайды. Суреттерге сүйеніп, бір күннің ауа райын сипаттап айтады. Алдағы меңгерген сөздерді қолданып сөйлемдермен ойын жеткізеді. Бұндай ауа райында қандай киім киетіндерін таңдайды.

Таңертең ауа райы ......................

Түсте ......................

Кешке ...............

Түнде .................

(Т) «Пирамида»

Оқушылар топта берілген мәтінді оқиды, мазмұнын талқылайды. Мазмұнын түсінген соң әр оқушы мәтіннің соңғы бөлігін аяқтап, "пирамидадағы" өзінің бөлігіне жазады. Әр оқушы жеке-жеке мәтінді аяқтаған соң, бір-бірімен бөліседі. Соңында "пирамидадағы" ортақ бөлікке бірлесіп аяқтап жазады немесе сәтті шыққан жұмысты жазады.

Бүгін Әлия ерте тұрды. Ол терезеге қарады. Таңертең күн ашық. Аспанда бұлт болған жоқ. Ол ауа райы жылы болады деп ойлады. Сондықтан жеңіл киінді. Басына панама, үстіне жеңіл көйлек киді. Әлия далаға шықты. Бір кезде жел оның панамасын ұшырды. Ал аспан бұлтты болды. Содан соң ..............................

Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді.

(Ұ) "Әдеби шеңбер".

Оқушылар "Атомдар" ойыны арқылы 2 топқа бөлінеді. Топтар сыртқы шеңбер және ішкі шеңберге бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Мұғалім мәтіннің соңғы бөлігін айтып, белгі бергенде ішкі шеңбер мәтінді қалай аяқтағанын айтады. Бұл жерде оқушыға топта бірлесіп қалай аяқтағаны бойынша немесе өз нұсқасын айтуына мүмкіндік беріледі. Мұғалім белгі бергенде сыртқы шеңбер екі адамға жылжиды да ішкі шеңбер тағы сөйлейді. Содан соң сыртқы шеңбер айтады. Барлығы сөйлеп болғасын оқушылар кімнің аяқтағаны ұнағанын айтады.

) "Ойлан, айт!". Оқушы мәтінді аяқтаудың бірнеше нұсқасын тыңдағаннан кейін өздігінен ойланып, мәтінді тағы аяқтап айтады.

https://www.youtube.com/watch?v=sPX27NNVWCY

Сабақтың соңы

4 мин

(МК) Кері байланыс «Гүл»

Гүлдің суретін салып, сабақта не білгені немесе ұнағаны туралы гүлдің әр жапырағына жазады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Тапсырма бойынша берілген сұрақтарды толықтай орындап, жауаптары толық сөйлемдермен береді.

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу