Табиғат және қоршаған орта Ауа райы. (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7

Күні: 12.04.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғат және қоршаған орта

Ауа райы. (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О 1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.

Т3 Тыңдалған/ қойылған материалда не болып жатқанын анықтай отырып мазмұнын түсінеді (идеясын, кейіпкерлерін, оқиғаларды)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Таныс сөздерден құралған кейбір қарапайым сөздердің мағынасын түсінеді. Тыңдалған/ қойылған материалда не болып жатқанын анықтай отырып, жалпы мазмұнын түсінеді (идеясын, кейіпкерлерін, оқиғаларды)

Оқушылардың көпшілігі:

Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Тыңдалған/ қойылған материалда не болып жатқанын анықтай отырып мазмұнын түсінеді (идеясын, кейіпкерлерін, оқиғаларды)

Кейбір оқушылар:

Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Тыңдалған/ қойылған материалда не болып жатқанын анықтай отырып мазмұнын толықтай түсінеді (идеясын, кейіпкерлерін, оқиғаларды)

Жетістік критерийлері

Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды түсінеді.

 Сөздік қор

Бұзылды, өзгерді, жылы, жеңіл көйлек, киінді, күн ашық, жауын-шашын,

 Құндылықтарды дарыту

Функционалдық сауаттылық

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Ауа райын сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту.

(Ұ) «Диктор уақыты» ойыны

Бір оқушы бүгінгі күн, апта, ауа райы болжамымен таныстырады.

Презентация

Сабақ ортасы

7 мин

10 мин

7 мин

7 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

) «Көңілді таспа»

Оқушылар мәтінді жалғастыра отырып, таспаға тіркеледі. Мұғаліммен бірлесе бір айналым жасағаннан кейін, топқа бөлініп, қабылдау деңгейі жоғары бір оқушының бастауымен жасайды.

Бүгін Әлия ерте тұрды. Ол терезеге қарады. Таңертең күн ашық. Аспанда бұлт болған жоқ. Ол ауа райы жылы болады деп ойлады. Сондықтан жеңіл киінді. Басына панама, үстіне жеңіл көйлек киді. Әлия далаға шықты. Бір кезде жел оның панамасын ұшырды. Ал аспан бұлтты болды. Содан соң ..............................

) Бейнематериалмен жұмыс. "Ауа райы" туралы бейнематериалды қарай отырып, кестенің "ауа райы" деген бағанын толтырады. Содан соң бейнематериал негізінде жазған ақпаратқа сүйеніп, ауа райына байланысты қандай киім кию керектігін жазады.

Қала атауы

Ауа райы

Киім

Семей

Шымкент

Қызылорда

Орал

Қала атауы

Ауа райы

Киім

Өскемен

Көкшетау

Қостанай

Алматы

Қала атауы

Ауа райы

Киім

Петропавл

Тараз

Ақтөбе

Астана

Қала атауы

Ауа райы

Киім

Қарағанды

Орал

Атырау

Алматы

Қала атауы

Ауа райы

Киім

Көкшетау

Талдықорған

Ақтау

Астана

(Ж) "Тыңда, жаз!" Оқушылар жұптарға бөлінеді. Жұпта бір оқушы кестедегі ақпаратына сүйеніп, екі қаладағы ауа райы туралы сөйлеммен айтады. (Үлгі: Көкшетау қаласында бүгін жылы. Сондықтан жеңіл киім кию керек). Ал екінші оқушы тыңдай отырып, негізгі ақпаратты кестеге жазады.

Қала

Ауа райы

Киім

(Ө) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, толықтыру. Жазған мәтіндерін топта оқып, үздік шыққанын таңдайды, сынып алдында оқиды.

Бүгін сәуірдің ................... Көкшетау қаласында таңертең ..............., түсте ..........................Сондықтан ................. киім кию керек. Кешке . ............................, ал түнде ...................

https://www.youtube.com/watch?v=mBx3qavkx4Y

Сабақтың соңы

4 мин

(МК) "Гүл". Гүлдің суретін салып, әр жапырағына сабақта не білгенін жазады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Тапсырма бойынша берілген сұрақтарды толықтай орындап, жауаптары толық сөйлемдермен береді.

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу