Төрт мезгіл туралы оқу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Табиғат және қоршаған орта» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. | ||
Күні: Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Төрт мезгіл туралы оқу | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.6.1 Автордың мәтінде арнайы қолданған сөздерді таңдау себебін анықтайды | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді Көбі: оқыған өлеңдегі сөздердің қолданылу ерекшелігін түсінеді және түсіндіреді Кейбірі: өлеңге қатысты пікірін айтады, өзі білетін өлеңді айтып береді | ||
Жетістік критерийлері | Өлеңдегі сөздердің қолданылу себебін түсінеді | ||
Сөздік | Ериді, гүлдейді, бәйшешек, жылғалар, қызғалдақ, бүршік жарады, шуақты, қуантты, жайнады, сайрады, көрікті | ||
Құндылықтарды дарыту | Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезім | ||
Пәнаралық байланыс | дүниетану | ||
АКТ қолдану дағдылары | |||
Бастапқы білім | Өткен материалды қайталау | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 3 минут | Апта күндерін қайталау. Үлгі: Дүйсенбіде мектепке бардым. Сейсенбіде қонаққа бардым. Сабақтың мақсатымен таныстыру Өлеңдегі сөздердің мағынасын түсінемін. Автордың қолданған сөзінің себебін түсінемін. | ||
Сабақтың ортасы 8 минут 7 минут 3 минут 10 минут 7 минут | (МК) Суреттерді көрсете отырып, төрт мезгілге топтаудың үлгісін үлгісін көрсету. (Т) Оқушылар топ ішінде төрт мезгілдің суреттерін атап, неліктен таңдағандары туралы айта отырып, суреттерді топтайды.
(МК, Ұ) Көктем мезгіліне қатысты сөздер және сөз тіркестерімен таныстыру. Сөйлемде қолданылуын көрсету. Сұрақ қою арқылы заттың атауын және қимылын білдіретін сөздерді анықтау. Көктемде қар ериді. Жазғытұры тамшы керемет әдемі! Ағаштар гүлдейді. Жылғалардан су ағады. Күн сәулесі шуағын төгеді. Бәйшешектер шығады (гүлдейді). Ағаштар бүршік жарады. Қызғалдақтар құлпырады. Мал төлдейді. Сергіту сәті. (Ө) Берілген суреттерге қарай жыл мезгілін анықтау (Компьютерде жұмыс жасау) (Ұ) Бірлесіп оқу. Сөздердің мағынасын мағынасы ұқсас сөздермен меңгерту. Көктем келді шуақты, Балаларды қуантты. Алақай-ау, алақай! Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты. Дала гүлге толыпты, Аққу көлге қоныпты. Алақай-ау, алақай! Көктем қандай көрікті!
(Ө, Қ) Өлеңнен заттың атауын және қимылын білдіретін сөздерді теріп жазу Үлгі: Көктем келді. Балалар қуанды. Құстар сайрады. Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар автордың қолданған сөздерін түсіндіре алады; қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалімнің өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді | http://bala.soyle.kz/ | |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Жетістік баспалдағы Баспалдақтың қай жеріндесің? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?