Қыс мезгілі туралы оқу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Табиғат және қоршаған орта»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М.

Күні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қыс мезгілі туралы оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздерді түсінеді

Көбі: өлеңнің мазмұнын түсінеді, түсінгені бойынша сурет салады, суретін өз сөзімен түсіндіреді

Кейбірі: өз өлеңін құрастырады

Жетістік критерийлері

Оқыған өлеңнің мазмұнын түсінеді, түсінгенін жеткізе алады.

Сөздік

қарлы боран, бұршақ жауады, қырау тұрады, тайғақ болады, қар көшкіні, қалың қар, аққала жасау, шанамен сырғанау, шаңғы тебу, қар лақтыру, жаңа жыл мерекесі , көңілді мезгіл

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезім

Пәнаралық байланыс

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Компьютерде тапсырма орындайды.

Бастапқы білім

Күз мезгілі туралы оқу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды,

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғып жастар ойнайды,

Кейде ұлып, кейде ысқырып

Ұтқып боран соғады.

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

Оқушыларға жауабын шештіру ақылы сабақтың тақырыбына шығу

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

Қарапайым сөз орамдарын түсінемін.

Сабақтың ортасы

5 минут

7 минут

8 минут

1 минут

5 минут

10 минут

(Ұ, Қ) «Бинго» ойыны

Күз мезгіліне қатысты сөз тіркестерін қайталау

Ойынның шарты бойынша тігінен немесе көлденеңінен үш сөз сәйкес келсе, жеңімпаз болады.

сарғайған жапырақ

мол өнім

астық жинау

шалшық су

алтын күз

мая шөп

Осы сөздермен бір-бір сөйлем құрау.

(МК) Жаңа сөздерді меңгерту

қарлы боран бұршақ жауады қырау тұрады

тайғақ болады қар көшкіні қалың қар

Аққала жасау шанамен сырғанау шаңғы тебу

Қар лақтыру жаңа жыл мерекесі көңілді мезгіл

(Ұ) Жаңа сөздермен бірнеше сөйлем құрау

(Т) Бірінші топ қыс мезгілінің ұнайтын жақтарын жазады, ал екінші топ ұнамайтын жақтарын жазады және себебін түсіндіреді.

Топтар бір-бірін бағалайды, қажетінше толықтырады.

Сергіту сәті

Шынығамыз бәріміз,Иіліп, бүгіліп, денеміз.Хоккейді де ойнаймыз,Шаңғыны да тебеміз.Әрлі - берлі жол салып,Қар лақтырып, ойнаймыз.Қорықпаймыз аязданСпортшы болмай қоймаймыз.

(Ө) Компьютерде тапсырма орындау

(Ұ) Бірлесіп оқу. Қимылды білдіретін сөздерді анықтап, сұрақ қою.

Қыс келді.Түн ұзара бастады. Қар қалың жауды. Қатты аяздар басталды. Өзен суы мұз болып қатты. Балалар далада қармен ойнады. Қардан аққала жасады. Бір топ бала аулада қар лақтырысып ойнап жүр. Бәрі жылы киім киген. Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.

(Ө, Қ) Қыс мезгілі туралы өлеңдер оқу

Төрт шумақ өлеңнің бір шумағын таңдап, сол өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салу және өз сөзімен түсіндіру

Қыс мезгілі көңілді,

Аспаннан ақ қар төгілді. Шанамен біз ойнаймыз,

Шаңғы теуіп сырлаймыз.

Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды. Мұз болады, қатады, Жып - жылтыр боп жатады.

Қар жауғанда топ бала,

Соқты қардан аққала.

Мұрны сәбіз, үп - үшкір,

Көзі көмір, қап - қара.

Ауыл сырты - биік жар,

Бізді күтіп, тұр қарап.

Биік жарға шығып - ап,

Жөнелеміз, сырғанап.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар оқыған өлеңнің мазмұнын өз сөзімен түсіндіреді, өз өлеңін құрастыруға тырысады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар өлең мазмұнына сәйкес сурет салады, атауларын айтады.

Soile.kz

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдау көрсету.

Топта деңгейлері әртүрлі балалар отырады, қабілеті жоғары оқушылардың көмегімен топтық тапсырманы бірлесе орындайды.

Қабілеті жоғары оқушылар оқыған өлеңнің мазмұнын өз сөзімен түсіндіріп береді, тақпақ жазады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар оқыған өлеңнің мазмұны бойынша сурет салады, суретке сәйкес сөздер мен сөз оррамдарын айтады.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Көшеде ауа райына байланысты сақтау қажет ережелерді айту.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу