Төрт мезгіл туралы оқу (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі (Т2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7. Қоршаған орта Күні: Сынып: 2 С | Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Төрт мезгіл туралы оқу (2-сабақ) | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.4.1 мәтін мазмұны немесе иллюстрация/ постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған мұғалімнің көмегімен жауап береді. Көптеген оқушылар: мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған толық жауап береді. Кейбір оқушылар: мәтін мазмұны бойынша күрделі сұрақтар құрастырады және оған еркін, толық жауап береді. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап береді. | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Жыл мезгілдері, жаз, күн ыстық, ұзақ, қысқа, демалады, шомылады. | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет көрсету | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||||||||
Бастапқы білім | Көктемде не болатыны жайлы әңгімелей алады. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» Оқушылар көктем туралы сөйлемдер / сөздер айтып жарысады. Бір сөйлем / сөз – бір қадам. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 10 мин 3 мин 10 мин | (Ж) Сөз сыры. Оқушылар берілген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сөйлемдер құрастырып айтады. Жаңа сөздердің мағынасын таниды. Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту.
(Ж) «Оқы, біл». Оқушылар берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазады. Жазғандарын шағын топтарда тексеріп, ортаға бір жауапты ұсынады. Тапсырманың мақсаты – оқушылардың оқылым дағдысын дамыту, жаңа сөздер мен сөз орамдарын сөйлеу барысында қолдануға үйрету. Жазда күн ыстық болады. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Шілде – ең ыстық ай. Жазда күндер ұзақ болады, ал түндер қысқа болады. Жазда жылы жаңбыр жауады. Жазда балалар демалады, көлде шомылады.
Кері байланыс. «Полюстер» арқылы жұмысына кері байланыс жасайды.
(Ж) «Сұрақтар мен жауаптар» Оқушылар мәтін негізінде берілген сұрау есімдіктері бойынша жұпта сұрақтар құрастырып жазады. Сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап береді.
Тапсырманың мақсаты – мәтінге сұрақ қою дағдысын дамыту. Дескриптор:
|
| ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. «Балдық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды. 1 5 10 | |||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?