Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6

Күні: 7.03.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т 1 Ауызша айтылған және есту/көру материалындағы қарапайым сөз орамдарын қайталайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Үлкендердің көмегімен сөйлемде кейбір тыныс белгілерін қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

Үлкендердің көмегімен сөйлемдерде үтір, нүкте, сұрақ, леп белгілерін қолданады.

Кейбір оқушылар:

Сөйлемдерде үтір, нүкте, сұрақ, леп белгілерін өздігінен қолданады.

Жетістік критерийлері

Сөзді мұқият тыңдайды және сөз орамдарын қайталап айта алады.

 Сөздік қор

Тақпақ, өлең, көктем мереке, құттықтау, сыйлау, гүлдер, қымбатты, тілеймін, гүл шоғы, тойлау, құттықтау хат.

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мерекеге арналған үлгі бойынша құттықтау хат жаза алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин

Қызығушылықты ояту.

(Ұ) «Көңілді шеңбер» ойыны. Оқушылар әуенді тыңдай сөздер жазылған парақшаларды сағаттың тілімен айналып жүреді. Әуен үзілгенде, қай сөздің қасында тоқтаса, сол сөзбен сөйлем құрастырып айтады.

  • Құттықтаймын
  • Сыйлаймын
  • Гүл шоғы
  • Сыйлық
  • Тойлаймын
  • Хош иісті
  • Көктем мерекесі
  • Қымбатты
  • Құттықтау хат
  • Тілеймін

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

Сабақ ортасы

10 мин

7 мин

2 мин

7 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

(Ө) "Тапқыр болсаң, тауып көр!" Сөздердің түсініктемелерін тыңдай отырып, сөздерді табады, whiteboard қағаздарына жазып, көрсетеді.

  • Оны мерекелерде немесе туған күндерде сыйлайды (сыйлық).
  • Мерекелерде оған тілек жазып, сыйлаймыз (құттықтау хат)
  • Оны гүлдерден жасайды және сыйлайды. Ол сондай әдемі! (гүл шоғы)
  • 8-наурыз және Наурыз мейрамын басқаша қалай айтады? (көктем мерекесі)
  • Мерекелерде біз барлығына жақсы сөздер айтамыз немесе ... (тілейміз)

) Тыңдалым.

Берілген мәтінді тыңдай отырып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тыңдалым мәтіні:

Көктемнің бірінші мерекесі - аналар күні. Мен анама хош иісті гүл шоғын және құттықтау хат сыйладым. Анама жылы тілектер айттым. Оған денсаулық, бақыт, қуаныш тіледім. Анам қуанып, бетімнен сүйді.

  • Мәтін не туралы?
  • Денсаулық туралы
  • Мереке туралы
  • Демалыс туралы
  • Мәтіндегі кездескен сөздердің астын сыз.

Әже мереке құттықтау сыйлық тілек гүл наурыз

  • Анасына не сыйлады?
  • Гүл шоғы, құттықтау хат
  • Құттықтау тілек, сыйлық.
  • Бақыт, қуаныш
  • Анасына қандай тілектер айтты?
  • Қуаныш
  • Мейірімді
  • Жақсы күн
  • Мәтін мазмұнына сәйкес келетін суретті тап.
  • B. C.

Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді.

(Ө) «Аяқталмаған сөйлемдер» Сөйлемдерді толықтырып, сөйлейді. Келесі оқушы тыңдай отырып, үшінші жақтан айтады.

Мен ................................... құттықтаймын.

.........................................сыйлаймын.

.......................................... тілеймін.

https://www.youtube.com/watch?v=sPX27NNVWCY

Сабақтың соңы

6 мин

(МК) "Бағдаршам" арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

Қызыл түс – түсінбедім

Сары түс – сұрақтарым бар

Жасыл түс – толық түсіндім

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Тапсырма бойынша берілген сұрақтарды толықтай орындап, жауаптары толық сөйлемдермен береді.

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу