Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6

Күні: 9.03.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О1 Таныс сөздерден құралған сөз орамдарының мағынасын түсінеді.

А3 Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Үлкендердің көмегімен таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Тірек сөздер мен сөз орамдарының көбін түсінеді, түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Таныс сөздерден құралған сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.

Кейбір оқушылар:

Таныс сөздерден құралған сөз орамдарының мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады. Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.

Жетістік критерийлері

Мәтіндегі тірек сөздер мен сөз орамдарын түсінгенін қимыл/сурет арқылы көрсете алады.

 Сөздік қор

Тақпақ, өтірік өлең, ұйқас, ойдан шығарылған, өлең құрастыру, өлең жолдары.

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Жануарларға қатысты тақпақтарды мәнерлеп оқи алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту.

(Ұ) «Жүректен жүрекке». Бір-біріне жылы тілектер айтады.

Сабақ ортасы

7 мин

13 мин

2 мин

8 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

(Ұ) Суретпен жұмыс. Берілген суретке қарап, суретте ненің дұрыс емес, шындыққа жанаспайтындығын айтады.

Берілген төрт жолды өлеңді оқып, өлеңнің ерекшелігін анықтайды. Өтірік өлең туралы білетіндерін ортаға салады.

Мысықты жылаттым,

Тышқанды құлаттым.

Пілді әкеп тақтаға

Есептер шығарттым.

) Шығармашылық жұмыс

Оқушылар жұпта бір-біріне өтірік өлеңдерді оқиды. Өлеңді тыңдай отырып, өлеңдегі өзіне таныс тірек сөздерді жазады. Түсінгені бойынша сурет салады.

Кездестім бір пілге,

Қонып тұрған гүлге.

Мініп алып пілге,

Сапар шектім Күнге.

Мініп алып  қоңызға Өрмеледім бұлтқаАлып келіп айдыКөрсеттім көп адамға.

Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді.

(Ж) «Жұлдызды сәт»

Оқушылар жасаған жұмыстарын қорғап, берілген критерийлер бойынша өзара баға береді.

  • Сурет өлеңге сәйкес.
  • Сурет әдемі салынған.

https://www.youtube.com/watch?v=LeOmtCuOKxU

Сабақтың соңы

5 мин

(МК) "Бағдаршам" арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

Қызыл түс – түсінбедім

Сары түс – сұрақтарым бар

Жасыл түс – толық түсіндім

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Тапсырма бойынша берілген сұрақтарды толықтай орындап, жауаптары толық сөйлемдермен береді.

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу