Ертегілер оқу -3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. | ||
Күні: Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Ертегілер оқу -3 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.3.1 Тыңдалған/ қойылған материал не туралы екенін анықтай отырып, мазмұнын түсінеді (идеясын, кейіпкерлерін, оқиғаларды) | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға нақты жауап береді Көбі: оқиғалардың ретін түсінеді, кейіпкерлердің әрекетіне баға береді, заттың атын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді таба алады Кейбірі: ертегінің идеясын анықтайды. | ||
Жетістік критерийлері | Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Заттың атын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді таба алады. | ||
Сөздік қор | Бір күні, бір кезде, содан соң, сөйтіп, соңында, ерекше, сүйікті, айырбастау, келісу, мүйіз, сүзу, қалдыру. | ||
Құндылықтарды дарыту | Адалдық, еңбекқорлық | ||
Пәнаралық байланыс | ана тілі | ||
АКТ қолдану дағдылары | |||
Бастапқы білім | Ертегілер оқу-2 | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 минут | Ертеңгілік шеңбері Сабақтың мақсатымен таныстыру Тыңдаған /оқыған ертегінің мазмұнын түсінемін. | ||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 10 минут | (МК, Ұ) Мультфильм көру. Алдар көсе. Ерекше тауық. Мультфильмді тоқтатып, жаңа сөздерді меңгерту. (Жаңа сөздер тақтада жазулы тұрады, сөздік дәптерлеріне жазып алады) Мультфильмнің мазмұны бойынша сұрақтар қою:
(Ж, Қ) Оқиғаларды ретімен қойып, бір сурет бойынша әңгімелеп айтып береді.
Сергіту сәті Үй жануарының атын атағанда, орнынан тұрады. Үй құстарының атын атағанда, орындарынан тұрмайды. (Ө, Қ) Мәтінді түсініп оқы Бір күні Алдар көсе базарға барады. Базарда адам көп екен. Бір кезде тауық сатып тұрған әжені көреді. Әже: « Тауық алыңдар» -деп ақырын айтып тұрады. Ол кемпірге: «Әжей, осылай сатады ма екен? Мен сатып берейін», -дейді. Әжей келіседі. Содан соң ортаға шығып: «Мынау бір ерекше тауық, Қытай патшасының сүйікті тауығы. Оны сатуға болмайды, тек бағалы затқа айырбастаймын» -дейді Алдар көсе. Бір кезде тауық іздеп жүрген адам табылды. Ол адам: «Тауығыңның орнына не сұрайсың?» -дейді. Алдар: «Қой сұраймын» -дейді. Екеуі айырбастайды. Сосын Алдар көсе: «Уа, халайық, мынау ерекше қой . Бұны ақымақ сиырға айырбастаймын» -дейді. Осы кезде қой іздеген адам да табылды. Олар айырбастайды. Сөйтіп сиырды алып, әжейге келеді. Әжей: «Мен бұл сиырды не қыламын? Оның мүйізі бар, мені сүзіп тастайды. Менің тауығымды қайтар» -дейді. -Жарайды, -деп Алдар кетіп қалады да, сиырды сатып, оның орнына бір тауық пен бес қой сатып алады. Соңында әжейге тауығын әкеліп береді де, өзіне бес қойды қалдырады. Мәтін бойынша тапсырма. Мәтіннің ішінен әр сұраққа 3 сөзден жаз. Кім? _____________________________________ Не?______________________________________ Не істейді? ________________________________ Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар кейіпкерлердің әрекетіне баға береді; қабылдау деңгейі орташа оқушылар ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді | https://www.youtube.com/watch?v=dMFv4D21Xyo Алдар көсе. Ерекше тауық. | |
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Жетістік баспалдағы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?