Балаларға арналған тақпақтар оқу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, презентация.


Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.

Анашым, сен әлемдегі ең мейірімді адамсың!

Сабақтың тақырыбы:

Балаларға арналған тақпақтар оқу

Сабақтың мақсаты:

Оқыған өлеңнің мазмұнын түсінемін.

Өлеңдегі бейнелі сөздерді әңгімемде пайдаланамын.

АНА

Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз.

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз.

Бізге қарап елжіреп, ...

Сүйсе беттен күнім деп,

Құшақ ашса келші деп,

Жүгіреміз күлімдеп.

Анамызға еркелеп,

Қуантуды қалаймыз.

Өссек егер ертерек

Сый берер ек талай біз.

Жаңа сөздер

Мейірлі- мейірімді

Жүзіне-бетіне

Жомарт- бізге бәрін береді, аямайды

Жанға- адамға

Балаймыз-ұқсатамыз

Елжіреп қарайды- жақсы көріп қарайды

Құшақ ашса- құшақтаса

Сый – сыйлық

Талай –көп рет

Тақпақ кім туралы?

Анамыздың жүзі қандай?

Ана қандай адам?

Бетімізден сүйіп, қандай сөз айтып еркелетеді?

Тақпақ саған ұнады ма? Не себепті?

Жетістік баспалдағы

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу