Қуыршақ көрінісін жасау. «Үйшік» орыс ертегісі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Салт дәстүр және ауыз әдебиеті» Күні: Сынып: 2 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Қуыршақ көрінісін жасау. «Үйшік» орыс ертегісі | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну 2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау 2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын анықтайды.Суретті жоспар/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды. Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды. Кейбір оқушылар: Өз бетінше тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды. | ||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды. | ||||
Tілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Үйшік ,тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю жайлы ертегі Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мен ... ойлаймын, Мен .. санаймын | ||||
Құндылықтарды дарыту | Жақсы дос болуға үйрету. Адамгершілік қасиеттерді (мейірімділік, сенімділік, татулық) арттыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Ана тілі сабағы | ||||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=8QDaf94molo Сергіту сәті | ||||
Бастапқы білім | «Алпамыс батыр» ертегісін мазмұндау. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Қызығушылығын ояту. Үйшіктің суретін көрсету арқылы оқушылардың ойларын тыңдау. (Ұ) Тақтада сурет көрсету. Сабақтың тақырыбы: Қуыршақ көрінісін жасау. «Үйшік» орыс ертегісі Бүгін сабақта:
| ||||
Сабақтың ортасы | (Ұ) Оқушылар өз қалауларымен «Мен сөйлеймін» әдісімен «Алпамыс батыр» ертегісін мазмұндайды. Дескриптор:
Оқушыларға кері байланыс беру. (МК Ұ) «Үйшік» орыс ертегісін тыңдайды. Оқушылар тыңдап, ертегі не туралы екенін айтады. Кейіпкерлерін атайды. Ертегінің түрін анықтайды. (Ұ) Оқушылар ертегіні рөлге бөліп оқиды. Дескриптор:
(Ұ) СЕРГІТУ СӘТІ https://www.youtube.com/watch?v=8QDaf94molo Бейнематериалда берілген әуенге сай қимылдар жасайды. (Ұ) «Мылқау кино» әдісі бойынша оқушылар ертегінің сюжетін кезекпен мазмұндайды. (Ө, ҚБ) Тапсырма. Оқушылар ертегінің кейіпкерлерінің бетперделерін жасап, қуыршақ көрінісін ұйымдастырады. Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрап айта алады; қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалімнің көмегімен жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрай алады. | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: Пейзаж Оқушылар өздерінің көңіл-күйлеріне байланысты суретті сабақтың басында сонан соң соңында таңдайды.
| ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрап айта алады; | Мұғалімнің бақылауы, бағалауы | Көрініс кезінде бір-біріне құрмет көрсету. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?