Қуыршақ көріністерін жасау (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні: Сынып: | Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қуыршақ көріністерін жасау (1-сабақ) | ||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, сөйлемді суретпен толықтырып жазу/ постер құрастыру/ берілген иллюстрация бойынша мәтін (3 сөйлемнен кем емес) құрау | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша мәтін құрайды. Көптеген оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша мәтін құрайды. Кейбір оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша жүйелі мәтін құрайды. | ||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Заттың сынын білдіретін сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құрастырады. | ||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Кейіпкер, түсі, сұрайды, береді, алады. | ||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық | ||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сөйлеуде барыс, шығыс септік жалғауларын орынды қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұны бойынша сөйлемдер айтып жарысады. Бір сөйлем – бір қадам. Оқушыларға сөйлеу үшін шаблон ұсынылады. Соған сүйеніп, барыс және шығыс септікті жалғауларды қолданып сөйлейді. Мысық ............... барады. Мысық ............... сұрайды. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 3 мин 10 мин 10 мин | (Ұ) «Кейіпкерді таны!» Оқушылар сөйлемдерді тыңдай отырып, қай кейіпкер туралы айтылғанын анықтайды. Жауаптарын whiteboard парақтарына жазып көрсетіп отырады. Тапсырманың мақсаты – сипаттауы арқылы кейіпкерді тануын тексеру, тыңдалым дағдысын қалыптастыру. Сөйлемдер:
Кері байланыс. «Бағдаршам» Оқушылар түстер арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Жасыл түс – жеңіл болды. Сары түс – аздап қиын болды. Қызыл түс – қиын болды. (Ж) «Кім тапқыр?» Оқушылар жұпта «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің бір кейіпкерін таңдап, берілген сұрақтар негізінде соны сипаттап жазады. Сипаттаулар бойынша басқа оқушылар кейіпкерді анықтаулары керек. Оқушылар бір-бірін берілген критерийлер арқылы бағалап отырады. Тапсырманың мақсаты – кейіпкерді сипаттай алуға үйрету. Жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру. Сұрақтар: Кейіпкер қандай? Кейіпкер не істеді? Бағалау критерийлері:
(Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар берілген сұрақтар негізінде кейіпкерді сипаттап жазады. Тапсырманың мақсаты – кейіпкерді сипаттап жазуға үйрету. Академиялық адалдыққа баулу. Сұрақтар:
Дескриптор:
Дифференциация. Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға көмек ретінде кейіпкерді сипаттауға көмектесетін сөздер мен сөз орамдары ұсынылады. Мейірімді, ашулы, көңілді, шашы қара, құйрығы ұзын, көздері кішкентай, түсі сұр. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды. Мен бүгін ........................... Маған бүгін ....................... | ||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?