Тәні саудың – жаны сау Спортшыларды сипаттау. (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8

Күні: 3.05.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тәні саудың – жаны сау

Спортшыларды сипаттау. (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Мұғалімнің көмегімен таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар:

Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының барлығының мағынасын түсінеді.

Жетістік критерийлері

Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды түсінеді.

 Сөздік қор

Тор, қақпа, доп, зілтемір, коньки, шаңғы, таспа, көзілдірік

 Құндылықтарды дарыту

Функционалдық сауаттылық

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Спорт түрлерін атай алады, спортшыларды сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту.

) «Алақай, балақай!» Жаттығу сәті.

Алдымен мұғалім көрсетеді, кейін оқушылардың біреуі айтып тұрады, қалғандары орындайды.

  • Орнымыздан тұрамыз.
  • Қолымызды белге қоямыз.
  • Басымызды оңға, солға бұрамыз.
  • Денемізді оңға, солға қозғаймыз.
  • Бір орнымызда отырып тұрамыз.

Презентация

Сабақ ортасы

7 мин

7 мин

3 мин

5 мин

13 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

) «Мен білемін!» Оқушылар жеребе тартып алу арқылы жұптарға бөлінеді, берілген сызба негізінде сөздер мен сөз орамдарын айтады.

, Қ) «Ойлан, тап». Сөйлемдерді оқи отырып, жақша ішінен сәйкес келетін сөзді анықтап, астын сызады.

Жансая Әбдімәлік әлемге (танымал, жетістік) шахматшы. Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан (жанкүйер, жүлде) алған. (Шапшаң, спорт шебері) футболшы допты тез-тез тебеді. Ауыр атлетика спортына (ақылды, мықты) спортшылар қатысады. Жеңіл атлетикамен (икемді, күшті) спортшылар айналысады.

(Ұ) Сергіту сәті

Бейнематериалда берілген әуенге сай қимылдар жасайды.

(МК) Сөздікпен жұмыс.

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысу. Берілген суреттер мен сөздерді сәйкестендіреді. Әр құралдың қай спортқа тиесілі екенін айтады. Үлгі: Тор – баскетбол құралы.

(Ө) «Мен білемін!» Спорт түрлеріне қатысты кестені толтырады. (3 спорт туралы жазады, 2-н үйде толтырады). Жазған ақпаратымен сынып алдында бөліседі.

Спорт түрі

Құралы

Спортшы қандай болу керек?

Спортшы не істейді?

https://www.youtube.com/watch?v=8QDaf94molo

Сабақтың соңы

5 мин

(МК) "Сиқырлы доп". Доптың суретін салып, әр бөлігіне сабақта не білгенін жазады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу