Қазақстан табиғаты. Ақпарат іздеу.№2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, дидактикалық материал.


Жексенбіде орманда

Жексенбі күні достарымызбен орманға саяхатқа бардық. Орман іші өте әдемі екен. Біз демалатын жақсы жер іздедік. Жолдағы саңырауқұлақтардың бірін жинап алдық. Қалғанын таяқпен ұрып, сындырып тастадық. Біраз жүрген соң өзен жағасындағы ашық алаңқайға жеттік. Сол жерде демалдық. Музыка қойып биледік. Қыздар гүл терді. Біз ағаш бұтақтарынан қылыш жасап алдық. Тамақтанып алып, ары қарай кеттік. Кетер кезде Нұрлан қоқыстарды отқа қарай лақтырып тастады. Жолда бір құстың ұясын көрдік. Ұядағы жұмыртқаларды ұстап көрдік те, қайтадан орнына салып қойдық. Әмірхан кішкентай кірпіні ұстап алды. Оны өзімізбен бірге алып кеттік.

Кешке қарай құшақ толы гүлдерімізбен үйге қайттық. Саяхатымыз өте көңілді өтті.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу