Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№1. Орманға саяхат. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, презентация.
Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
4-бөлім «Туған өлкем»
Тақырыбы: Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№1. Орманға саяхат.
дайындаған: Кушерова Л.К.
2017 жыл
Сабақтың мақсаты:
Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Өз сөзінде ақпаратты сұрайды, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады.
Серуенге барғанда
Тимур, Алан және Инсар серуенге жиналды. Таза ауада балалар жақсы демалды.Тамақтанып болған соң Тимур судың бос ыдысын өзенге қарай лақтырып жіберді.
Өзенге қоқыс тастауға болмайды, - деді Алан.
Ештеңе етпейді. Сумен ағып кетеді ғой!
Жоқ. Болмайды. Менің атам табиғатты ластау әдепсіздік деген.
Иә, демалыс орындарында тазалық сақтау керек, -деді Инсар.
Тимур қателігін түсініп, достарынан кешірім сұрады.
Сұрақтарға жауап беру.
Балалар қайда барды?
Олар қалай демалды?
Тимурдың қолында не болды?
Ол не істеді?
Алан Тимурға не деп айтты?
Оны кім қолдады?
Тимурдың әрекеті қандай болды?
Рефлексия
Үйге тапсырма:
«Серуенге барғанда» мәтінін мазмұндау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?